Әйелдердің өзі енді пәтуа шығара алады
Әйелдердің өзі енді пәтуа шығара алады
7 жыл бұрын 3250 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясында әйелдер пәтуаны мақұлдап не қарсы дауыс беріп қоймай, ендігі жерде оны өздері де шығару құқығына ие болды. Консервативтік әрі патриархалдық тәртіп үстемдік еткен Сауд Арабиясы тұрмақ әйелдерге еркіндік берілген өзге мұсылман елдерінде де әйелдерге мұндай құқық беріле бермейтінін ескерсек, Саудия билігінің кейінгі кезде әйелдерге деген көзқарасын түбегейлі өзгерткенге ұқсайды. Бұл елде әйелдердің құқығын кеңейтуне қатысты күнде бір жаңалық еститін болды. Әлем қауымдастығы. Сол әлем қауымдастығы құдайдың құтты күні Саудия билігін сынға алып жатушы еді әйелдердің құқығына қатысты. Иә, әйелдердің пәтуа шығаруына рұқсатты аталған елдегі пәтуа шығаруға құзыретті бірден-бір жалғыз үкіметтік орган болап табылатын Ғылыми зерттеу және Ифта жөніндегі бас басқармаға Шура кеңесі берген ұсыныс бойынша берілді. Аталған басқармада әйелдерден тұратын тәуелсіз секция құрылуы тиіс ендігі жерде. Бір айта кететін жайт, Шура кеңесі құрамындағы әйелдер өткен жылдың наурыз айынан бастап пәтуа беру құқығына ие болған еді. Тағы бір айта кетерлігі, бұл бастаманы ел тұрғындары да, ислам құқығы және заң саласының сарапшылары да қолдап отыр. 

0 пікір
Мұрағат