Мешіт тұтас бір ауылдың электр стансасына айналды (фото)
Мешіт тұтас бір ауылдың электр стансасына айналды (фото)
7 жыл бұрын 3658 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Марокка аумағындағы Марракеш қаласының оңтүстігіне қарай бір сағаттық жерде Тадмамет деп аталатын шағын елді-мекен бар. Тауда орын тепкен елді-мекен жақын маңдағы ауылдың өзінен 40 шақырым қашық жатыр, бұл ауылда бар-жоғы 400 адам өмір сүріп жатыр. Ауыл тұрғындары "қойдың торысын ерттеп мініп" қоңыртөбел тірлік кешкен қарапайым жанда, арпа, картоп және алма өсірумен күнелтеді. Өркениет игіліктерінен жырақ жатқан ауылда, тіпті, күнделікті тірлікте қажетті автокөлік, смартфон дегендер атымен жоқ, ол ол ма, электр жарығы жуырда ғана келген бұл ауылға. Таяуда аталмыш елді-мекенде елең еткізетін жаңалық болды: жергілікті мешіт күн сәулесінен қуат алатын панелдермен жабдықталды. Оның игілігін күллі ауыл тұрғындары көріп отыр. Мешіттен тек рухани нұрға кенеліп қоймай, өркениет иглігіне қол жеткізді. "Бұған қоса, бұл елдегі алғашқы мешіт электр эннергиясын беретін", деді осы жобаны жүзеге асыруға қатысқан неміс үкімет агенттігінен Иан-Кристоф Кунтце.

0 пікір
Мұрағат