Әйелдер үшін өз алдына жеке заң қабылдап, адам құқығының сақталуын отбасынан бастаған ел
Әйелдер үшін өз алдына жеке заң қабылдап, адам құқығының сақталуын отбасынан бастаған ел
5 жыл бұрын 2868 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан сенаты кеше, яғни, тамыз айының 23-і күні өткен пленарлық жиында "Әйелдерді жәбір-жапа мен зорлық-зомбылықтан қорғау туралы" заңды мақұлдады. Аталмыш заң талаптарына байланысты жәбір-жапа көргендер мен зорлық-зомбылық көрсеткендер немесе көрсетуге бейім тұлғалар туралы дерек Өзбекстан республикасының статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің бірыңғай электронды мәліметтер базасына енгізіледі. Аталмыш базаға енгізу негізіне жәбір-жапа мен зорлық-зомбылық көргендер шағымы, жеке және заңды тұлғалардың зорлық-зомбылық пен жәбір-жапа фактілерін тікелей құзыретті органдарға хабарламасы, мемлекеттік және өзге де ұйымдардан аталмыш мәселеге қатысты материалдары жатады. Құзыретті тиісті мекемелер мен ұйымдар, әйелдерге көрсетілген жәбір-жапа мен зорлық-зомбылықтың куәсі болғандар дереу құқық қорғау орындарына, ішкі істер органдарына хабарлап, оның алдын алу үшін дербес шаралар қабылдауы тиіс. Жәбір-жапа мен зорлық-зомбылық көрген әйелдер арнайы құрылған орталықта экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, медициналық және өзге де жәрдем алады. Аталмыш орталық жәбір-жапа мен зорлық-зомбылық көрген әйелдерге 30 күнге дейін уақытша пана береді. Ал әйелдерге жәбір-жапа мен зорлық-зомбылық көрсеткендерден мемлекет тарапынан көрсетілген қызметтердің құны өндіріліп алынады. Жәбір-жапа мен зорлық-зомбылық көрген әйелдер туралы хабарлаған тұлғалардың мәліметі жеке мәліметтер заңымен қорғалады. 

Мұның бәрін неге тәпіштеп отырмыз? Аталған ел әйелдер құқығының бұзылмасы үшін арнайы заң жобасын қабылдауының астарында тұрмыстық жәбір-жапа мен зорлық-зомбылықты тиісті орындарға хабарламай, шағымданбайтыны себеп болып отыр. "Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде" деп жабулы қазанды жабулы күйінде қалдыратын өзбек әйелдерінің құқығын қорғау мақсатында қабылданып отыр. 

0 пікір
Мұрағат