«Әйелдер мешіті» алғашқы жұма намазын өткізді
«Әйелдер мешіті» алғашқы жұма намазын өткізді
8 жыл бұрын 4860 Ширин Ханхан

Тамыз айының 29-ы күні Дания астанасы – Копенгаген қаласында  тек әйелдерге арналып ашылған мешітте алғашқы жұма намазы оқылды.  Бірыңғай әйелдерден тұратын жамағатқа, асыл дінімізде құпталмаса да, Ширин Ханхан мен Салиха Мари Феттех есімді әйелдер уағыз айтып, құтпа оқып, имам болды. «Мариям мешіті» деп аталатын құлшылық үйінде өткен жұма намазына 60-тас аса әйел қатысты. Олардың арасында мұсылман еместер де болды. Яғни, мұсылман әйелдер мен мұсылман емес әйелдер қатар тұрып, бірге намаз оқыды. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Copenhagen Post» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

 

0 пікір
Мұрағат