Индонезияда жер бетіндегі ең кәрі тұрғын - 145 жастағы ер адам тұрады (видео)
|
Жер бетінің ең кәрі ер адамы 145 жаста. Ява аралының тұрғыны Мбах Готоның айтуынша, ол 1870 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келген. Қазір оның жүріп-тұруы қиынға түседі. Өздігінен тамақтануы да оңайға соқпай тұр. Готоның хабарлауынша, оның он шақты аға-әпкелері мен 4 әйелі болған. Қазір ол өзінің немере-шөберелерімен, шөпшектерімен бірге тұрады. Мбах Гото ресми түрде әлемнің ең кәрі адамы болып саналмайды, себебі оның қажетті құжаттары жоқ. Готода тек төлқұжат бар, ал ол құжатта туған жылы оның айтуы бойынша жазылған. Сондықтан да әлемдегі ең кәрі тұрғын болып 122 жастағы франциялық Жанна Кальман есептеледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды