«Әйел ең басты міндетін ұмытпауы керек»
«Әйел ең басты міндетін ұмытпауы керек»
2 жыл бұрын 1140

Босния парламентіне ел тарихында тұңғыш рет шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйелі сайланды. «Менің сайлануым – әйелдерге, әсіресе, бастарына жаулық тартқан әйелдерге жақсы болды», - деді 38 жастағы депутат  Anadolu Agency ақпарат көзіне берген сұхбатында. Канела Зуко – мамандығы қорғаушы және 10 жылдан бері саясатпен айналысып келеді. Ол үш баланың анасы әрі қаза тапқан сарбаздардың балаларына қамқорлық көрсететін жергілікті «Фатма» қайырымдылық қауымдастығын басқарып келеді. Десе де, мансабы мен қоғамдық қызметі оның отбасы тірлігіне еш кедергі болған емес. «Саясатта жүрген әйелдер де өзінің ең басты міндетін ұмытпауы керек – бала тәрбиелеу міндетін», - деді ол сөзінің соңында.

0 пікір