Испания Палестина тәуелсіздігін мойындауға әзір
Испания Палестина тәуелсіздігін мойындауға әзір
2 жыл бұрын 686

Испания билігі Палестина мен Израиль арасындағы келіссөз өз нәтижесін бермесе, осы елдің тәуелсіздігін ресми мойындауға әзір екендіктерін мәлімдеді. Испанияның сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Гарсия-Маргальо, бұл тарапта Израилдің көңіліне қарамайтынын да жайып салды. Оның айтуынша, Палестина тәуелсіздігі құр сөз күйінде қалып қоймай, Таяу Шығыстағы ушығып тұрған дағдарыстан шығуға септесуі керек. Яғни, екі елдің арасындағы шекараны біржола айқындауға, палестиналық босқындардың отанына оралуына және Құдыс шаһарының мәртебесінің белгілі бір мәнге ие болуына көмектесуі тиіс. Ертең, яғни, қараша айының 18-і күні Испания парламенті Палестина егемендігін ресми мойындауға қатысты дауыс береді. 

0 пікір
Мұрағат