Африкадағы мигранттар саны рекордтық деңгейге жеткен - 20 млн
Африкадағы мигранттар саны рекордтық деңгейге жеткен - 20 млн
7 жыл бұрын 3504 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығына түрлі себеппен әлемнің әр түкпірінен ағылған мигранттар қарасы рекордтық деңгейге жетті - 20 млн адамды құраған. Бұл жайында АҚШ-тағы Африкалық стратегиялық зерттеу орталығының баяндамасында айтылған. Шындап келгенде, аталған құрлықтағы мигранттар саны бұл көрсеткіштен де көп - заңсыз мигранттарды қосқанда. 20 млн-нан аса мигранттардың 12,7 миллионы, яғни, 63%-ы амалдың жоғынан қоныс аударғандар, 6,7 миллионы (33%) - босқындар, 690 мыңы (3 пайызы) - сырттан келген мигранттар. Амалдың жоғынан қоныс аударғандардың 75%-ы Оңтүстік Суданнан, Сомалиден, Суданнан, Конго мен Нигериядан. Одан кейінгі орындарда Эритрея, Орталық Африка Республикасы, Бурунди, Кот-д'Ивуар, Эфиопия.Бұған қоса, Африка құрлығындағы 44 млн адамға шұғыл гуманитарлық көмек қажет. Сондай-ақ, баяндамада Нигерия мен Сомали және Оңтүстік Суданның бірқатар аймағы аштықтың алдында тұр. 

0 пікір
Мұрағат