Африка құрлығында қанша адамның аштықтан азап шегіп жатқаны белгілі болды
Африка құрлығында қанша адамның аштықтан азап шегіп жатқаны белгілі болды
5 жыл бұрын 3254 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африка ұүрлығындағы елдерде азық-түлік тапшылығынан 27 млн-дай адам зардап шегеді. Бұл жайында Anadolu Ajansi ақпарат көзі Шығыс Африканың даму мәселелері жөніндегі үкіметаралық орган жариялаған баяндамада келтірілген дерекке сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Африка тұрғындарының аштық азабын тартуына бірнеше себеп айтылған. Солардың ішінде саяси тұрақсыздық пен қарулы қақтығыс, экономикалық дағдарыс, климат өзгерісі, т.б. факторлар бар. Сөз орайы келгенде айта кету керек, әлемдегі ашыққандар санына шаққанда Африка құрлығындағы ашыққандар шамамен  24%-ды құрап отыр. Бүгінгі таңда. Әсіресе, Эфиопия, Кения, Сомали, Судан, Уганда, Оңтүстік Судан және Жибути тұрғындары Африкадағы өзге елдерге қарағанда аштық азабын қатты тартуда.

0 пікір
Мұрағат