Адамзатқа төнген үш қауіп
Адамзатқа төнген үш қауіп
5 жыл бұрын 2802 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың халықаралық тобы бүгінгі таңда адамзатқа нақты қатер төндіріп тұрған үш қауіпті атады: семіздік, ашқұрсақ жүру және климаттың өзгеруі. Ғалымдар бұл проблемаларды бөле-жармай, бір-бірімен байланысты екенін айтуда. Былайша айтқандағ ғаламдық синдемия. Бұл жайында Science Alert ақпарат көзі хабар таратты. Ғалымдар семіздік індеті мен тойып тамақ ішпеу проблемасының түп-төркінін азық-түлік тапшылығын жою саясатының дұрыс жолға қойылмауынан, тек экономикалық өсімді қуалаған саясаткерлердің жадағай әрекетінен көріп отыр. Адам денсаулығына немқұрайды қарауға апарып соқтырған мұндай біржақтылық үшінші қауіппен де тікелей байланысты. Мамандардың тұжырымынша, климаттың өзгеруіне азық-түлк өндіретін ауыл шаруашылық өнеркәсібінің рационалды ұйымдастырылмауы, көлік санының артуы, қазба байлықты өндірудегі шектен тыс ашкөздікті, т.б. «кінәлі». Аталған проблемаларды шешу үшін трансұлттық компаниялар мен корпорациялардың ықпалын шектеуді, қоғамдық бастамаларды қолдайтын қорлар құруды ұсынып отыр.

0 пікір
Мұрағат