Адамның өз-өзіне қол жұмсауынан келген шығынды есептеді
Адамның өз-өзіне қол жұмсауынан келген шығынды есептеді
7 жыл бұрын 4365 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапония суицид пен оның салдарынан болатын экономикалық жыл сайынғы шығын  4 млрд доллардан асып кеткен. Бұл жайында NHK  телекомпаниясы хабар таратты. Мұнда шығын қалай есептелді немесе қандай өлшемдер негізге алынды шығынды анықтау үшін? Мамандар бұл арада 2015 жылы 15 пен 69 жас аралығындағы 23 мың жапондықтың өз еркімен өмірмен хош айтқысқанын және олардың мұндай қатерлі қадамға бармай, 70 жасқа дейін жұмыс істегенде қаншалықты пайда келтіретінін ескерген. Егер тірі болғанда...

Айта кетейік, 2005 жылы күншығыс елінде суицидтің алдын-алумен айналысатын арнайы штаб құрылған болатын. 2005 жылмен салыстырғанда суицидке байланысты экономикалық шығынның бүгінгі таңдағы көрсеткіші 900 млн долларға кеміген.

Аталмыш елдің денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің мәліметіне қарағанда, 1998 жылдан бері жыл сайын ел аумағында 30 мыңнан аса өз-өзіне қол жұмсау дерегі тіркеледі екен. Әсіресе, 2003 жылы суицид көрсеткіші қатерлі деңгейге жеткен: 34 мың адам өз-өзіне қол жұмсаған. Ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 30 мыңмен шектелген. Өткен жылы 22 мың адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Статистикалық мәлімет бойынша көбіне ер адамдар денсаулығына, жұмысына немесе отбасындағы жағдайға байланысты өмірден баз кешіп жатады. 

0 пікір
Мұрағат