500-ден аса тұтқынды сатып алып, азаттық сыйлады
500-ден аса тұтқынды сатып алып, азаттық сыйлады
6 жыл бұрын 5695 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дубай қаласының кәсіпкері әрі филантроп Фироз Мерчант қасиетті Рамазан айында ерекше қайырымдылық ісімен көзге түсті. Ол қылмысына қарай жауапкершілікке тартылып, темір тордың аржағында жазасын өтеп жатқандардан 500-ден аса тұтқынды сатып алып, оларға азаттық сыйлады. Мемлекет қазынасына да пайда түсіріп әрі тұтқындарға да бостандық тарту етіп, бір оқпен екі қоянды атып алғандай болды. Мемлекет қазынасынан тұтқындарға кететін шығынды азайтқанын айтпағанда. Кезінде араб түбегінде құлды сатып алып, азат етушілерге бірыңғайда ұқсас мына тірлігі көпке ой салып отыр. Pure Gold Group зергерлік холдинг жетекшісі 650 мың дирхамды (177 мың доллар) садақа еткен. Бұл қаражат өз кезегінде Ажмандағы түрмеден 300 тұтқынды және ел аумағында орын тепкен бірқатар түзету мекемелерінен 260 тұтқынды азат етуге жеткен. Фироз Мерчант мұнымен ғана шектеліп қалмай, олардың үйіне жету шығынын да өзі көтеріп алды: олардың бәріне авиабилет сатып алып берген. 

0 пікір
Мұрағат