Өткен жылы климаттың өзгеруінен әлем қанша шығынға батты
Өткен жылы климаттың өзгеруінен әлем қанша шығынға батты
6 жыл бұрын 3667 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш 2020 жылға дейін атмосфераға бөлінетін зиянды заттырды кем дегенде 25%-ға азайтудың қажеттілігін жеткізді. Тек бір ғана 2017 жылдың өзінде жаһандық жылынудан пайда болған климаттың өзгеруінен әлем 320 млрд доллар шығын шеккен. "Шындығы сол, климаттың өзгеруі - адамзат бетпе-бет келіп отырған ең күрделі проблема. Бұл жайында әлем қауымдастығының есіне салып қоюды міндетім деп білемін. Өткен жылы климаттың өзгеруінен орын алған апаттардан келген экономикалық шығын рекордтық деңгейге жетті - 320 млрд доллар. Көмірқышқыл газының ауаға бөлінуі 1,4%-ға артып, 32,5 гигатоннаға жетті. Бұл да рекордтық деңгей болып отыр. 2017 жылы Кариб бассейніндегі дауылдан экономикалық шығын көп болды, Оңтүстік Азияда тасқыннан 41 млн адам зардап шекті, ал Африканы жайлаған құрғақшылықтан 900 мыңға тарта адам үй-жайын тастап, басқа өңірлерге қоныс аударған, Арктикада теңіз мысықтарының қарасы күрт кеміді",- деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысы. "Адамзат бұл проблемаға назар аударуы үшін әлі қанша апатты күтуі керек. Біз салдары бір жылдан соң немесе ондаған жылдардын кейін білінетін пролеманы шешудің оңай емесін түсінеміз, алайда, климаттың өзгеруінің салдарын қазірдің өзінде сезініп отырмыз",- деді ол сөзін сабақтап. Сол себепті, шұғыл шараларды қолға алғанда ғана проблеманы еңсере алатынын ескертті. 

0 пікір
Мұрағат