5 жасар бала Microsoft сарапшысы атанды
5 жасар бала Microsoft сарапшысы атанды
9 жыл бұрын 3675

5 жасар мұсылман бала Microsoft корпорациясының ең жас сарапшысы атанды. Аян Куреши есімді бұл жас жеткіншек америкалық корпорацияның сынағынан сүрінбей өткен. 

Пәкістандық Аян Куреши емтиханды ойдағыдай тапсырғаннан кейін «Microsoft кәсіпқойы» деген сертификат алды. Аянның әкесі ИТ маманы. Ол баласының кішкентай кезінен бастап компьютерге әуес бола бастағанын айтты. Бір сөзінде: "Ол мен жұмыс істегенде, қасымда отырып мұқият қарап отыратын" - дейді. 

"Маған компас, телескоп ұнайды. Бірақ бәрінен бұрын призманы ұнатамын. Призмаға түскен сәуленің шағылысуынан кемпірқосақ секілді түрлі-түсті гамманың пайда болуы таңқалдырады" - дейді Аян Куреши.

2004 жылы Арфа Карим есімді кішкентай қыз осы Microsoft-тың маманы атанған болатын. Ол да пәкістандық мұсылман отбасынан шыққан. Бірақ 2012 жылдың қаңтар айында эпилептикалық ұстама диагнозымен науқастанып қалады. Билл Гейтс өзінің қаржысын салып, ең қымбат ота жасатқанның өзінде Арфа бәрібір жарық дүниемен қош айтысты. 

0 пікір
Мұрағат