4 мыңнан аса мұсылман қара тізімнен сызылды
4 мыңнан аса мұсылман қара тізімнен сызылды
7 жыл бұрын 3224 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы келтірген мәліметке қарағанда, жергілікті имамдармен және жамағатпен сөйлесе келе қара тізімге енгендерден 4 мың 152 адам сызылған. Бұл жайында "Озодлик" радиосы (өзбектердің азаттық ақпарат құралы) хабар таратты. Имамдар қара тізімге енген мұсылмандарға кепілдік беріп отыр. Көп ұзамай тағы бес мың мұсылман ақталуы мүмкін. Өзбекстан мұсылмандар діни басқармасы өкілдерінің айтуынша, жергілікті имамдар 10990 адамды ақтап алуға күш салған. Айта кетейік, қара тізімге енген мұсылмандар күштік құрылымдардың бақылауында болып келген еді. Қара тізімге енгендер апта сайын жергілікті полиция бөлімшесіне соғып, белгі соқтырып кететін. Ендігі жерде ақталғандар мұндай басы артық әуреден арылатын болды. Тағы бір айта кететін жайт, қара тізімге енгендерге шетелше шығуға, мемлекеттік қызметке тұруға тыйым салынған. 

0 пікір
Мұрағат