2050 жылға қарай Қап тауы мұзының жартысы еріп бітеді
2050 жылға қарай Қап тауы мұзының жартысы еріп бітеді
9 жыл бұрын 6004

Жаһандық жылынуға байланысты Қап тауының мұзы 2050 жылға қарай екі есеге кемиді. Бұл өз кезегінде аймақтағы гидроэнергетика мен агроөнеркәсіп саласының жұмысына қауіп төндіреді, өңірде құрғақшылық жайлайды. Бұл жайында Биік таулы гоефизикалық институт мамандары дабыл қағып отыр. Аталмыш институттың ғылым жөніндегі директордың орынбасары Хажбар Каловтың айтуынша, осы ғасырдың орта шенінде Қап тауындағы мұз ауданы 45%-ға дейін кемиді. Оның сөзіне қарағанда соңғы бір ғасырда Эльбрустағы мұз ауданы 40 пайызға дейін, ал көлемі жағынан 56 пайызға дейін кеміген.

0 пікір
Мұрағат