Индонезияға жанартау қауіп төндіруде
Индонезияға жанартау қауіп төндіруде
9 жыл бұрын 4696

Біріккен Ұлттар Ұйымының апат қатерін азайту бюросы дайындаған баяндамада әлем бойынша жанартаулардың ояну қатері барын және бұл қатердің тым жоғары екені айтылған. Аталмыш баяндамада жанартау қуатынан бастап, оның маңында тұратын халықтың санына дейін көрсетілген. Жанартау аймақтарында әлем бойынша 1 млрд-қа жуық адам өмір сүріп жатыр. Яғни, тек жанартаудың ықтимал қатері төнген аймақтардың өзінде әлем бойынша осынша адам кез келген сәтте табиғи апаттан көз жұмуы мүмкін. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, ең қауіпті жанартаулардың 90%-ы бес елде: Эфиопия, Жапония, Филиппин және Индонезия. Бір ғана Индонезияның өзінде әлемдегі қауіпті жанартаулардың 66%-ы бар. Нақты санмен өрнектегенде 77 жанартау бар.

0 пікір
Мұрағат