2 миллион сәбиді ажалдан құтқаруға себеп болған донор
2 миллион сәбиді ажалдан құтқаруға себеп болған донор
9 жыл бұрын 4597 24.kz Джеймс Харрисон/blogspot.com

Австралиялық Джеймс Харрисон атты қартты жұрты «алтын қолды адам» деп атайды.

Бірақ оның қолы асыл металдан жаралғандықтан емес. Себебі жасы сексенге таяп қалған қария осы кезге дейін қолынан 1 мыңнан астам донорлық қан тапсырған. Ресми деректерге сәйкес, Джеймс 60 жыл бойы 2 миллионнан астам баланың өмірін құтқарып қалуға себепші болған. Дәрігерлер бұл ер адамның қанында жаңа туылғандарды резус-конфликт немесе гемолитикалы аурудан құтқарып қалатын антиденелері бар өте сирек кездесетін қанның иесі екендігін айтты. Жалпы Джеймстің осынша рет донор болуының өз тарихы бар. Ол он төрт жасында ота жасатып, бір өкпесін толықтай алдыртып тастайды. Сол сәтте оның өмірін арашалап қалу үшін 30 литр қан керек болып, ол белгісіз донорлардан құйылады. Жүкті әйелдің бойындағы антиденелер құрсақтағы шарананың қан жасушаларын жоюы салдарынан сол шарана туылған кезде пайда болатын гемолитикалы аурумен күресте тап осы Харрисонның қаны таптырмайтын құрал, - дейді ғалымдар. 

Дайындаған: Г. Абилова

3 пікір
Мұрағат