Абай Құнанбайұлы оқыған 50 кітап көрмеге қойылды
Абай Құнанбайұлы оқыған 50 кітап көрмеге қойылды
1 жыл бұрын 1269

Абай оқыған 50 кітап көрмеге қойылды, - деп хабарлайды "24.kz".

Ақпарат құралының мәліметінше, Семейдегі Абайдың республикалық қорық-мұражайында "Баламды медресеге біл деп бердім..." деген атаумен көрме ашылды. Көрмеде елді елең еткізер жәдігерлер жетерлік. Мұражай қорынан Абайдың өзі оқыған 50 кітап алғаш рет көрме сөресіне қойылып отыр.

"Тағы бір құнды бұйым - 200 жылға жуық тарихы бар медресенің есігі. Көне білім ордасы XIX ғасырдың орта тұсында Қазаннан оқып келген ғұлама Ахмет Риза деген татар молдасының пәрменімен белсенді жұмыс істеп тұрды. Қазақтың бас ақыны мұнда 1855-1859 жылдары тәлім алған. Медресе Кеңес үкіметі орнағанда жабылып, қоймаға, кейіннен кеңсеге айналды. Одан соң бұл ғимарат өртенді де. Тарихи нысан 1995 жылы данышпан ақынның 150 жылдық мерейтойы кезінде қайта жаңғыртылды", - делінген жарияланымда. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейден Абайдың ұлдарының өміріне қатыстыдеректердің әкелінгені хабарланған болатын. Мамандар Омбы қаласындағы Ресей Ғылым Академиясының Этнография және археология институтының қызметкерлерімен кездесіп, Қазақстан тарихына қатысты деректер алынды. Кездесу нәтижесінде Абайдың інісі оқыған Омбы кадет корпусына, Абайдың ұлдары Мағауия мен Тұрағұлдың өміріне қатысты деректердің көшірмелері алынып, мұражай қоры толықтырылды.

1 пікір
Мұрағат