Лондонда 2 мың жылдық тарихы бар аяқ киімдер көрмесі өтуде
|
Аяқ киім тігу өнерінің 2 мың жылдан астам тарихына үңілгіңіз келсе, Лондонға жол тартуға кеңес береміз, - деп хабарлады 24.кз телеарнасы.
Себебі, мұнда таяуда әлем халықтарының күні бүгінге дейін тоздырған аяқ киімдері көрермен назарына ұсынылады. Көрмеге әйгілі ертегі кейіпкері Күлше қыздың хрусталь туфлиі қойылады. Оған қоса атақты адамдардың аяқ киімдері де паш етіледі. Сонымен қатар сән үйлері де өткен ғасырлардағы сан алуан үлгілерін алып келген. 200-ден астам аяқ киімнің шығу тарихы да әртүрлі.
Сьюзи Менкес, Vogue журналының редакторы: - Француздардың туфлилері де кезінде түрлі өзгерістен өткені белгілі. Бірақ мен үшін жапониялық аяқ киімдер өте қызық.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан Йемендік ғалым, дін қайраткері Абдульмәжид Зиндани дүние салды
■
Киборг тарақандар пайда болды (видео)
■
Ашық ғарыш кеңістігінде скафандр (арнайы қорғаныш киімін) кимеген адамның қандай күйге ұшырайтыны көрсетілді (видео)
■
Бақсы-балгерлерге алты айға дейін қоғамдық жұмысқа жегу жазасы қолданылады
■
Үйді жазда салқындатып, қыста жылытатын бояу жасалды