На­маз­дың бес уа­қыт бо­луы­ның хик­мет­те­рі
На­маз­дың бес уа­қыт бо­луы­ның хик­мет­те­рі
9 жыл бұрын 2497
Қайрат Жолдыбайұлы

На­маз­дың бес уа­қыт бо­луын­да те­рең хик­мет­тер бар. Мы­са­лы, Бам­дат на­ма­зы адам­ның өмір­ге жа­ңа ту­ған сә­би ке­зін ес­ке тү­сі­ре­ді. Рауан­дап ат­қан таң сә­би­дің пәк­ті­гі­не, жа­ңа оя­нып сайра­ған құс­тар сә­би­дің тәт­ті­лі­гі­не, әсем ты­ныш­тық бей­біт өмір­ге иша­рат ете­ді. Сон­дай-ақ, бе­сін на­ма­зы адам­ның қы­рық­тан асып, қы­на­бы­нан шық­қан қы­лыш­тай қыл­шыл­дап тұр­ған ша­ғы­на ұқ­са­са, на­маз­ды­гер уақы­тын­да Күн­нің ба­тыс­қа бет алуы адам ғұ­мы­ры­ның сек­сен­ге ке­ліп, сел­кіл­деп таяқ ұс­тап, қа­бір ат­ты төр­тін­ші әлем­ге бет алып, өмір кі­та­бы­ның ақыр­ғы тарауын тауысу­ға айна­лып ба­ра жат­қан ке­зе­ңін ес­ке тү­сі­ріп, адам ба­ла­сын ойлы­лық­қа ша­қы­ра­ды. Ақ­шам на­ма­зы бол­са, адам ба­ла­сы­ның бұл ғұ­мыр­дан өтіп, бейне бір өз қа­бі­рі­нің ба­сын­да тұ­рып, «Аллаһ үшін не іс­те­дің, ар­тың­да қан­дай өл­мейтұ­ғын із қал­дыр­дың?» деп өзін-өзі сұ­рақ­қа тар­тып жат­қан­дай хал­ді елес­те­те­ді. Ал құп­тан на­ма­зы­ның қа­раң­ғы­лық қоюла­нып, ты­ныш­тық­қа оран­ған мез­гі­лі – беймә­лім қа­бір әле­мін ес­ке тү­сі­ре­ді141.

Мі­не, осы­лай ойла­ған әр­бір мұ­сыл­ман әр­қа­шан Жа­ра­ту­шы Жап­пар Иеге іш­тей те­рең тағ­зым етіп, ақы­рет­ке қа­рай қа­дам ба­са­ды.

141 «Жайнамаз». Мұхитдин Исаұлы, «Қазақ әдебиеті», 29.3.2002.

0 пікір