Нә­піл на­маз оқу­дың мәк­рүһ уақы­ты
Нә­піл на­маз оқу­дың мәк­рүһ уақы­ты
2 жыл бұрын 447
Қайрат Жолдыбайұлы

Таң ат­қан уа­қыт­та сол таң на­ма­зы­ның сүн­не­ті­нен бас­қа еш­қан­дай нә­піл на­ма­зы оқыл­майды. Ха­дис­те: «Бам­дат на­ма­зы­нан бұ­рын жә­не бам­дат на­ма­зы кір­ген кез­де, бам­дат на­ма­зы­ның екі рә­кат сүн­не­ті­нен бас­қа на­маз жоқ»138– де­лін­ген.

Бам­дат (таң) на­ма­зын оқы­ған­нан кейін күн шық­қан­ға дейін;

На­маз­ды­гер на­ма­зын оқы­ған­нан кейін күн бат­қан­ға дейін;

Ақ­шам на­ма­зы­ның па­ры­зы­нан бұ­рын;

Айт на­маз­да­ры­нан бұ­рын үйде де, ме­шіт­те де;

Айт на­ма­зы­нан кейін ме­шіт­те;

Ара­фат пен Муз­дә­ли­фә­да қо­сып оқы­ған екі на­маз­дың ара­сын­да;

Па­рыз на­ма­зы­ның уақы­ты бі­ту­ге шақ қал­ған­да;

Па­рыз­ға тұ­рып, тәк­бір (қа­мат) айты­лып жат­қан­да оқу­ға бол­майды. Ал таң на­ма­зы­ның сүн­не­ті бұ­лар­дан тыс. Яғ­ни, бас­қа сүн­нет­тер­ден қа­ра­ған­да бұл сүн­нет әл­де­қайда ма­ңыз­ды бол­ға­ны үшін оқы­лу­ға тиіс. Аллаһ Ел­ші­сі бы­лай дейді: «Бам­дат (таң) на­ма­зы­ның екі рә­кат сүн­не­ті дү­ние мен оның ішін­де­гі бар­лық нәр­се­ден ар­тық»139 – де­лін­ген.

Жұ­ма кү­ні имам мін­бер­ге шы­ғып хұт­ба оқып, жұ­ма на­ма­зы біт­кен­ге дейін нә­піл на­маз оқу­ға бол­майды. Ха­дис­те: «Жұ­ма кү­ні имам хұт­ба оқып жат­қан­да, мұ­сыл­ман адам жа­нын­да­ғы адам­ға тіп­ті «ты­ныш» де­ге­ні­нің өзі қа­те­лік»140 – де­лін­ген.

138 Ханбәл, II, 104.

139 Муслим, Мусафирин, 96-97.

140 Бухари, Жум, а, 36; Муслим, Жум, а, 12.

0 пікір