На­маз­дың па­рыз бо­лу шар­тта­ры
На­маз­дың па­рыз бо­лу шар­тта­ры
2 жыл бұрын 434
Қайрат Жолдыбайұлы

Мұ­сыл­ман бо­лу. На­маз – мұ­сыл­ман бол­ған ер кі­сі мен әйел­ге па­рыз. Кә­пір­лер­ге на­маз па­рыз емес. Өйтке­ні, олар дү­ние мен ақы­рет­те Ис­лам үкім­де­рі­нің тар­мақ­та­ры­на жауап­кер емес. Олар­дың ақы­рет­те­гі жа­за­сы – кү­пір­лік­тің қа­ры­мы.

Ба­ли­ғат жа­сы­на же­ту. Ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­ға на­маз па­рыз емес. Өйтке­ні, Аллаһ Ел­ші­сі бы­лай дейді: «Үш адам­ға қа­лам жа­зыл­майды: Айық­қан­ға дейін ақы­лы­нан адас­қан­ға, оян­ған­ға дейін ұйқы­да жат­қан­ға жә­не ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­ға»142.

Ақыл-есі дұ­рыс бо­лу: Ақыл – Ис­ла­ми жауап­кер­лік­тің не­гі­зі. Сон­дық­тан, Хан­бә­ли мәз­һа­бы­нан бас­қа фа­қиһ­тар­дың көз­қа­рас­та­ры бойын­ша, ақы­лы­нан адас­қан­ға на­маз па­рыз емес. Бұл жайлы ха­дис­ті жо­ға­ры­да ай­тып өт­тік.

142 Бухари, Талақ, 11; Тирмизи, Худуд, 1.

0 пікір