Қандай қызбен үйленейін?
Қандай қызбен үйленейін?
8 жыл бұрын 3818

Өткен замандарда бір әміршінің ұлы үйленгісі келіпті. Сөйтіп, ол ұстазынан қандай қызға үйлену керектігін сұрайды.

- Келін болам деген қыздарды сына. Діндар және бойұсынатынын әйелдікке таңда, - депті ұстазы оған.

Әміршінің ұлы әйелдікке таңдаған қыздарды былай сынайды. Оларды теңіз жағасына алып келіп, барлығының қолына бір-бір алтын теңге ұстатады. Сосын оларға алтын теңгелерді теңізге лақтыруды бұйырады. Олардың бірі еш ойланбастан алтын теңгені теңізге лақтырып жібереді де, қалғандары ойланып, дүдамал күй кешіп барып лақтырады.  Ал кейбіреулері әмірші ұлының бұйрығына бойұсынбайды. Сонда жігіт бұйрықты ойланбастан орындаған қызға үйленуді ұйғарыпты.

1 пікір
  • Салеметсиз бе! Менин сиздерге коятын сауалым бар намазды калай бастауга болады ?
    8 жыл бұрын