Намаздың сауабын сөзбен жеткізу мүмкін емес
Намаздың сауабын сөзбен жеткізу мүмкін емес
2 жыл бұрын 2406

Абдуссамад ибн Мақал жеткізген өсиетнамада: «Уаһб ибн Мунаббиһтен: «Ей, Абдуллаһтың әкесі! Намаз оқитын екі адамның біреуі құныт дұғасын оқығанда өте ұзақ оқиды.  Ал екіншісі сәждеде ұзақ тұрады. Осылардың қайсысының деңгейі жоғары? – деп сұралғанда: «Аллаһ алдында шынайы ықыласпен тұрғанның деңгейі биік болмақ»,  – деп жауап қайтарған екен.

*** 

Кағб әл-Ахбар: «Егер де біреуіңізге екі рәкат намазыңыздың мәртебесінің биіктігін бір зат бейнесінде көру бақыты бұйырса, оның «Сира» тауынан да биік болғанын көретін еді. Ал, парыз намаздарының сауабын сөзбен жеткізу мүмкін емес», – деп, намаз оқуда сауап мол екенін түсіндірген екен.

1 пікір