Екі мереке
Екі мереке
2 жыл бұрын 1321

Әнас ибн Мәлик былай деп баяндайды: "Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға көшіп келгенде, оның тұрғындарында екі мерекелі күн болатын. Олар (сол) күндерді ойын-сауықпен өткізетін. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардан: «Бұл күндер нені білдіреді?», — деп сұрады. Олар: “Бұл біздің пұтқа табынушылық заманынан бері тойлап келе жатқан ойын-күлкімен өткізетін күндеріміз”, — деп жауап берді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оларға:

«Ақиқатында, Алла оларды екі жақсырақ күндермен: Құрбан айт және Ораза айтпен ауыстырды!»
Әбу Дәуіт 1134, ән-Нәсаи 1556

0 пікір