Жетім қыз
Жетім қыз
10 жыл бұрын 7877
Гүлнұр Қаржаубайқызы

«Жетімді жылатудан қатты сақтаныңдар, өйткені, түнде адамдар ұйықтап жатқанда олардың зары жүреді, ал таң сәріде Раббысына көтеріледі де жылатушы үстінен шағым жасайды. Сонда Алла Тағала жылатушының тиісті жазасын береді. Сондықтан жетімнің жылауынан мейлінше сақтаныңдар».

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис шәріпінен

 

Қызылорданың шет ауданында орналасқан төрт қабатты үйде қаншама балғынның көңілсіз күндері өтіп жатыр. Күрмелген тағдыр, булыққан көз жасы жүрегіңді жаншып жіберердей аянышты көрінеді екен. Орташа бойлы, қара көзді талдырмаш қыз Ақботаның бұл үйдің тұрғынына айналғанына он бес жыл болыпты. Есін білгелі айналасындағы адамдардың осы жетімдер үйінде қызмет жасайтынын түсінді. Себебі, мұнда бауырына басып, маңдайынан сипап, махаббатына бөлеп жатқан ешкім жоқ. Бар-ау. Бірақ, анаң секілді еркелей алмаған соң не пайда? Ақбота да мұны жақсы біледі. Өзін ересек сезініп, тәрбиешілерге жоқ жерден еркелегісі келмейді. Кейде кезекшілік атқарғанда тәрбиеші апайлардың қатаңдау үн қатып, дүрсе қоя сөйлейтініне ренжісе де, ішкі наласын сездірген емес.

Ақбота биыл он сегізге толды. Үш жасында-ақ әкесінен айырылып, ағасы Орынтай екеуін нағашы әжесі Күлән осында әкеліп тастаған екен. Ал анасы Гүлжан балаларынан бас тартып, өзге ердің етегінен ұстап кете барған. Қос жетім қозы қайда барса  да қол ұстасып, бірге туған бауыр екендіктерін бір сәтте ұмытпайтын. Алайда, ағасы Орынтай осыдан екі жыл бұрын жазғытұрым уақытта балалармен шомылуға кетіп, суға ағып кетті. Өзгелерден ерекшелеу көрінетін Ақботаны бұл оқиға тез есейтіп жібергендей. Себебі, ана мен әке мейірімін аңсағанда ағасына әжептәуір еркелеп алушы еді... «Ағатайым, мен сені жақсы көремін. Мені сен де тастап кетпеші»,-деп жиі айтатын. Сонда Орынтай: «Туу, Боташ. Сен менің жүрегімді ауыртпашы. Мен сені алақаныма салып жүремін. Өйткені, мына өмірде маған сенен қымбат жан жоқ»,-дейтін. Ағалы-қарындастың сырласу сәті үнсіздікке ұласып, көздерін еріксіз жас жуатын. Талдырмаш қыз тағдырдың бұл сынағына да шыдап, тек алдағы күндеріне үміт артты.

Жетімдіктің мұңы аз болсын ба?! Томаға тұйықталып, тек ақ қағазға шимайлатып жаза беретін Ақбота қыз. Сондағысы жүрегінде мұз болып қатқан шері ғой. Енді аз уақытта бұл жерде тәрбиеленген ұл-қыздар жан-жаққа тарайды. Кәмелеттік жасқа толып, жаңа өмірге қадам басады. Қыздар  бойжетіп, ұлдар ер жеткендіктен тәрбиешілер де бұрынғыдай көп ұрса бермейді.  Әлде, осы бір тас қабырғалы жетімдер үйіне үйреністі ме екен!?      

Барлығының жанарында бір сұрақ бар: «Қайда барамын? Қалай жұмыс істеймін? Қай мамандықты таңдаймын?» Кешегі жиналыс барысында директор Дәурен Жанұзақов: «Қымбатты балаларым! Сендер осы үйде тәрбиелендіңдер. Енді есейіп қияға қанат қаққалы тұрсыңдар. Барлығыңа өмірде ақ жол тілеймін. Үйім жоқ демеңдер, бұл үй – сендердің ыстық ұяларың. Анам мен әкем, ағам, тәтем жоқ демеңдер, мен – әкелеріңмін, осы жердегі барлық тәрбиешілер, ұстаздар – аналарың, ағаларың. Келіп тұрыңдар»,-деп жан тебірентерлік сөздерін айтты. Көзіне жас алмаған жан қалмаған шығар, сірә!?

Иә, бұл сұрақ  Ақботаның да көкірегінде сайрап тұр. Жалғыз өмір сүруге жүрексінсе де, батылдық керек екендігін әлдеқашан түсінген. Тігіншілікке ептеп икемі бар, сондықтан осы өнерін әрі қарай дамытып көрмек.

 

***

Бөлме іші қараңғы. Терезеден болар-болмас ай сәулесі көрінеді. Терең ой құшағына енген қыз мына дүние дүбірінен беймәлім хәлде отыр. Кезекшілікте жүрген Сәуле апай бөлмеге енгенде, мына көріністен жаны жабырқап қалды. Тұншыға жылаған Ақботаны құшағына қысып, маңдайынан иіскеді. Сол сәтте стол үстінде тұрған ақ параққа көзі түсті. Қолына алып оқи бастады:

«Ана! Мені неге әкелдің өмірге?

Танытпасаң махаббат пен мейірді.

Қатал ма едің? Қаяу салдың көңілге,

Мен қалайша жақсы көрем өзіңді?!

 

Мен жетіммін. Тұла бойым тас темір,

Көз ашқалы өксік және ащы өмір.

Тым болмаса  әкем тірі болғанда,

Бұйырар еді маңдайыма бақ пен гүл.

 

Кетіп барам мені өсірген тас үйден,

Қайда жүрсің? Мені өмірге әкелген.

Сен едің ғой... сағынышым ұлғайды,

Тағдыр мені ажыратты әкемнен...»

Еденге сусып түскен ақ парақтың сыбдырынан селк еткен Ақбота көз жасына ерік беріп, жерге жүрелеп отыра кеткен Сәуле апайын көрді. Өзегі өртеніп, ертеңгі күнін ойлаған жетім қыз осылайша ақ параққа мұңын шағыпты.

- Ақбота, Ақбота,-деді даусына діріл араласқан Сәуле. Құлыным-ау, сені неге үнемі жабырқап жүреді деп ойлаушы едім. Ботам-ай, кеудеңде осындай шер жатыр екен ғой. Мұңайма. Менің үйіме жүр. Аяғың оқуға ілініп кеткенше, болмаса жұмысқа орналасқанша менің есігім айқара ашық, жарығым,-деді қамқорлығын танытып.

 

***

Жетім де бір күн жетіледі. Жетімнің де көз жасы құрғайды. Алла Тағаланың өлшеулі ризығы ешуақытта таусылмақ емес. Міне, бүгінде Ақбота оң мен солын таныған жасқа келді. Өз күшімен оқуға түсіп, оны үздік бітірді. Жеке пәтері, жұмысы да бар. Өмірде өзі секілді қаншама жетімдер бар. Олардың тағдыры да әртүрлі. Бұл болса, бүгінге дейін қызы мен ұлын іздеп келмеген, қайырылмаған анасына таң қалады. Не деген тасжүрек!? Өзге ошақтың отын түтетіп, қызының бар екенін ұмытты ма екен?  Ақботаның тірі адамның тірлігін жасап, қамкөңіл жүргенін, сағына күтетінін білсе ғой... «Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді» деген. Ақботаның ендігі ізгі арманы – адал жар тауып, өмірге сәби әкелу. Жаратқаннан жарық дүниеге келген барлық шарана бақытты болса екен деп тілейді. Себебі, сәбидің бәрі бақытты, Болуы үшін жаралған...

Төмендегі әлеуметтік желілері немесе сайтымызға <кіру> арқылы дауыс бере аласыз
Баға
4.0
19 дауыс
6 пікір
  • Осыдан 3 жыл бурын тус коргем. Тусимде алма агашынын 3 кошетин анама алып берип, анам оларды отыргызып жатыр екен. Сол куни бауырым маган Шымкенттен "Большой тавсир снов" деген ибн Сириннин китабын акелип берди. Сол китаптан тапсирин окыганда алма отыргызу "жетим асырауды" билдиреди екен. Ин ша Алла сол кунге асыгып журмин. Бул шыгармага 4 балл койдым. Такырыбы ушин. Сонгы кездеги такырыптар карттар уйи, жетимдер уйи, тусик тастау болып кетти. Арине, мундай такырыптар окымай-ак адамды конилсиз куйге болейди. Баска такырыптарды да адеми жеткизуге болады. Мысалы, "Махаббат кызык мол жылдар" шыгармасында автор Ментайды керемет суреттеген. Кыздын кылыктары мен журис-турысын. Коз алдынан кыздын бейнеси кетпей "болашак жарым сондай болса екен" деп турасын.
    10 жыл бұрын
    • Ия, дурыс айтасыз! Оте керемет суреттеген Ментай кызды. Кыз атаулынын барлыгы Ментайдай сулу, акылды, инабатты, кишипейил, бир созбен айтканда барлык жаксылык атаулы бойларынан табылса гой ширкин!
      10 жыл бұрын
  • Кайырлы кун, окырман кауым!
    Бул макаланын жазылу максаты кыз келбетин, кылыгын сипаттауда емес, назар салсаныздар автор ангимесин касиетти хадис-шарифпен бастап отыр, ягни бул тусинген жанга улкен насихат болмак. Жогарыда агамыз ренжигендей кейип танытты маааа "Сонгы кездеги такырыптар карттар уйи, жетимдер уйи, тусик тастау болып кетти...", алде мен солай тусинип калдым ба? Осындай такырыпта жазылып жаткан барлык ангиме-макалалар казирги кунделикти омир тирлигинен алынып отыр гой... Биз мундай такырыптан кашып, романтикалык жазбалар мен сонааау согыс аякталган жылдардын мунын емес, казирги когам маселесин шешуге атсалысып, ертенги урпактын болашагын ойлауымыз керек. Каншама жетим балалар бар, ажыраскан отбасынын саны кун санап осуде , жетесиз урпактан калган кариялар, картайган шагында ул-кыз, немере-шобере арасында отырам дегеннин орнына, тар болмели каперде камалып, карттар уйинде коздери жаудиреп урпагын кутип отырган жайы бар... Бунын бари менин басымда жок деп, бейбаракат журу мусылмандык адебине де, казак баласына да тан дуние емес бауырлар! Биз баримиз мусылманбыз Аллахка сансыз шукирлер болсын! Олай болса бауыр емеспиз пе, мусылмандар бир агза испеттес, бир жери наукастанган болса, баска жери де сыздап турады, сол секилди биримиздин киыншылыгымыз, баскамыздын да кайгымыз болуга шарт. Ертегимизди ойлайык, ата-бабамыз биздерди осындай омир кешуимиз ушин осындай бейбит елди, дархан даламызды калдырган жок. Кос дуние сардары корсетип кеткен жолмен журип, бакытымызды хак динимиз, пак динимиз Исламнан издейик. Биримиз баримиз ушин, баримиз биримиз ушин болайык!
    Енди жогарыда баяндалган ангимеге келер болсак, бул жерде коп адам сабак, насихат, улги алуга тиис. Жетимдерди асыраудагы ниети бар жандар ниеттери бериктене тусип, тез арада бир жетимге пана болар... Кезинде кателескен кыз-аналар кеште болса кателиктерин тусинип, балаларын алар... Кателикке урынайын деген жандардын балики алдын алар... Акботанын тагдырына уксас жандар конилдерине демеу тауып, рухтарын шындатар, барлык жаксылык пен жамандык тек Аллахтан деп тусинип, оз-оздерин тастамай алга карай кадам басып, кадамдары жигерленип, бул фаниден орындарын тауып, акырет камын ойлар деген ойдамын...
    Сайт акимшилигине билдирер алгысым зор, жумыстарынызга Аллахым берекесин берсин, шыгармашылык табыстарга жете бериниздер деймин! Казак елимизге, дара елимизге динди дурыс тусинуге, шаригат занымен журуге ундестик билдирип, улкен жемисти, сауапты истер жасап журе бериниздер! Аллахым баршамыздын кунамизди кеширип, еки дуние бакытына болесин! Амин!
    10 жыл бұрын
    • "Қарттар үйі, жетімдер үйі..." деп жазғаным, осындай тақырыптарды тек жазып қана қоюмен шектеліп тұрғаны. Сол көріністерді ғана суреттеп қана қойған. Ал, оның алдын алу, қоғамда осындай іс-әрекеттердің неден туындап жатқаны баяндалмаған. Пайғамбарымызға с.ғ.с. бір құрма ағашына тас лақтырып құрма жеп жүрген баланы әкелген кезде, Пайғамбарымыз с.ғ.с. бірінші "неге тас лақтырдың?" деп себебін сұрап, екінші "келесіде жерге түскенің алып же" деп жолын көрсеткен. Дәл солай, қоғамдағы мұндай көріністердің орын алуы бірінші сол ата-ананың тәрбисінен туындап тур. "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі, Қызға қырық үйден тыйым" деген қазағым. Ұл-қызына дұрыс тәрбие бермейді де, кейін қарттар үйіне апарып тастаған кезде не қызы жеңіл жүріске салынып, ұлы маскүнем болған кезде өкініп отырады. Бәлки, мұндай тақырыптарды әріден қозғаса дұрысырақ болар ма еді...
      10 жыл бұрын
  • Автор өз ойын жеткізді. Тек, "өте жақсы" деген баға үшін тағы біраз еңбектенуі керек еді.
    10 жыл бұрын
  • Рахмет қарындасым! Өте өзекті мәселелердің бiрi! " Не ексен соны жейсің"! Бұл демократиялық ағаштың жемісі, әлемде шариғат ағашы егiлсе басқаша жемістер өсер ме еді. .
    9 жыл бұрын