Дос құшағы - гүл
Дос құшағы - гүл
10 жыл бұрын 5064
Ырысгүл Бердібекқызы

Адам дүниеге келіп, айналаны танып жетілген кезде өзіңе жақын, дос болатын адам іздейді және оны табады. Нағыз адал досты қиналған кезіңде ғана білесің, сол сәтте жаныңда болмаған адам – ол сенің амал досың. Ал менің жанымда жүрген адам ол менің - адал досым. Досым туралы айтудан мен еш жалықпаймын. Оның есімі - Динара. Осындай досым барына мен Алла тағалаға шексіз ризамын.

Қай пендені алсақ та өмірде қателіксіз жүре алмайды. Себебі, бұл - заңдылық. Оның шешімі, яғни жауабы сол қателігіңді түсінгеніңде.

Таң атып, барлық тіршілік иелері оянған кез. Мен болсам тәтті ұйқыдан ояна алмай төсекте жатырмын. Үйдің іші тып тыныш, соған қарағанда бәрі ұйқыда шығар деп ойладым, сөйтсем олай емес екен. Тәтті ұйқыдан арыла алмай жатқан мен екенмін. Ұйқымды ашып терезеден далаға көз салдым. Қандай керемет! Таза ауа! Күн ашық! Осы кезде кенет ойланып кеттім де, бүгін қандай күн? - дедім іштей өз-өзіме. Иә, иә бүгін менің туған күнім. Мен үшін ерекше күн! Қалайша мені анам құттықтамай жатыр? - деп қоямын. Ой ақымақ, - анам мені ұйықтап жатыр деп жүр ғой. Далаға қайтадан көз салдым, торғайлар шиқ-шиқ етеді. Бейне бір маған «туған күніңмен» деп жатқан секілді. «Рахмет, рахмет» - деп мәз болып тұрмын. Осы кезде аяқ дүрсілі естілді, бұл анам екен.

- Құлыным, жарығым, ботам туған күнің құтты болсын! - деп мандайымнан сүйді. Қандай ғажап сөздер! Туған күніңе осыдан асқан сыйлықтың не керегі бар?!

- Рахмет анашым, дедім - қуана.

- Жүре ғой, таңғы асың дайын, деді - жымиып. Қазір барамын деп басымды изедім. Сөйтіп туған күнімнің біраз сағаты да өтіп кетті. Кешке құрбыларым келеді, соған дастархан дайындауым керек деп дайындығымды бастап та кеттім. Керек нәрселердің барлығын анам дүкеннен әкеліп беріп жүр.

Кеш те болды. Барлығы жиналды. Динара досымда бар. Кеш қызып жатыр, бәрі көңілді, неше түрлі әндер, билер болып жатыр. Ендігі кезек сыйлықтарға келді. Құр алақан адам жоқ. Кезек досыма келгенде қолдан жасалған кішкентай домбыра берді. Домбыра өте әдемі деп айтуға келмейді және біршама қисықтығы да бар. Рахмет, - деп қолыма алдым. Қалғандары домбыраны көргенде ду етіп күліп жіберді. Басқа сыйлық таппадыңба? - деп айтып қалғандарыда бар. Ол үндемеді. Менде ештеңе демедім, бұл қылығыма өзім де түсінбей қалдым. Сөйтіп, кеш аяқталып, барлығы үйлеріне тарасты. Бірақ құрбым көңілсіздеу кетті. Сыйлығын ұнатпағанымды сезді. Басқалармен қалай қоштассам, онымен де солай қоштастым.

Әдеттегідей, бәрі кеткен соң анам келіп сыйлықтарды көрді. Көрді де, жаңағы домбыраны ұстап:

- Қандай керемет сыйлық? - деп біраз таң қалды. Кім болсада нағыз досың болды ғой, - дегенде анама қарай жүгіріп бардым.

- Қалай сонда?- дедім ентіге.

- Қалайы несі? Барлық сыйлықтардың ішіндегі ең өзгешесі осы емес пе? - деді.

Иә, әрине - дедім.

Шын жүрегімен, ықыласымен жасалғаны көрініп тұр. Ең бастысы өзінің қолымен жасалған. Қазіргі заманда бұндай сыйлық жасаған адамды бірінші рет көріп тұрмын.

Барлығы қазір жылтырлаған дайын сыйлықты дүкеннен сатып әкеледі емес пе, ал мынау нағыз сыйлық! Көзіңнің қарашығындай сақта! - деді де өз шаруасына қарай кетіп қалды. Мен болсам сол жерде, бейне үстімнен біреу мұздай суды шелегімен төңкеріп жібергендей, денем мұздап, тұрған жерімде қаттым да қалдым. «Ой ақымақ, ақымақсың сен» - деп өз-өзіме ұрысып жатырмын. Дұрыс жасамағанымды ұғып, түнімен жылап шықтым. Бетіне қалай қараймын, ұят-ай не айтамын? - деп түнімен күбірлеп, бозарған таңды шақ атырдым.

Түнімен жылап, ұйықтамағандықтан басым аурып тұрды. Қасақана бүгін демалыс, мектепкеде бармаймыз. Бұлай болмас деп тез-тез киініп, досымның үйіне тарттым. Барар жолда айтар сөзімді дайындап бардым. Досым ауласында, ауласын жинап жүр екен. Мені көріп, маған қарай жақындады. Жақындаған сайын бір жаққа қарай қашып кеткім келіп, ұяялып барам.

- Сәлем - дедім мен.

- Сәлем - деді де, ауласының жанындағы орындықты нұсқады. Барып отырдық, екеумізде де үн жоқ. Келе жатқанда дайындаған сөздерімнің барлығын ұмыттым да қалдым. Кенет ол:

- Сыйлығым ұнамады ма? Ұнамайтын сыйлық апарып көңіліңді түсіріп жібердім, сыйлығымды қайтарып бер, саған басқа сыйлық беремін деді.

- Жоқ, жоқ, олай деме, неге олай дейсің? - дедім де ұялып отырып қалдым да, қайтадан сөз бастадым:

- Кешірші мені, сол күні маған не болғанын өзім де түсінбей қалдым. Нағыз сыйлық жүрегіңмен берілген сыйлық екенін түсіндім (анам айтпағанда кім білсін түсінбес те едім, сол үшін анама рахмет). Кешірші мені, өтінемін сенен, ақымақ құрбыңды кешір...- деп әрі қарай ештеңе айта алмадым, себебі, жылағым келіп, өксік тығылып сөйлей алмадым.

- Бір бірін жақсы көретін адам ешқашан кешірім сұрамайды, - деді. Осы бір ауыз сөзінен мен барлығын ұқтым.

- Рахмет саған - деп құшақтай алдым.

Туған күнім болғанымен сол күн мен үшін ойымда осындай жағымсыз оқиғамен есімде қалды. Осы оқиғадан кейін ешқашан бір-бірімізді ренжіткен жоқпыз. Әлі де ренжітпей келеміз.

Жыл сайын туған күнім болғанда ол маған: «Саған не сыйлайтынымды білесіңбе?» - деп бұрыңғы қисық домбыраны еске салып күліп алады. Менде сырттай күлгеніммен, қанша жыл өтседе іштей ұяламын .

Адал досымыз көп болсын! Әрбір сөзімізді, әрбір ісіміздіой елегінен өткізіп барып әрекет етейік! Жанымызда жүрген адамдарымызды ренжітпейік достар!

Төмендегі әлеуметтік желілері немесе сайтымызға <кіру> арқылы дауыс бере аласыз
Баға
3.2
9 дауыс
2 пікір
  • Жалпы мусылмандар да 2-ак мейрам бар. Ол-ораза айт пен курбан айт. Ал, Пайгамбарымыз с.г.с. озинин туылган куни ораза устаган. Бул шыгармада туган кунди тойлап, билегени айтылган. Жалпы "не ушин осы туган кунди тойлаймыз?" деген сурак туындап тур. Озиме ангиме унай койган жок. Карындасым ренжи коймас. 2 балл койдым.
    10 жыл бұрын
  • Ассалямуаалейкум, уа Рахматуллаһи, уа бәрәкәтуһ! Құрбан айт қабыл болсын! Негізі, туған күн дегенді ұмыту керек, түкке пайдасы, сауабы жоқ, өзіңді де, өзгені де шығынға батыру ғана. Ол күні тек, сені қиналып дүниеге әкелген анаңды құрметтеп, сүйюің керек, анаңа ең қымбат сыйлық сыйлауың керек. Егер ол бұл дүниеде жоқ болса, ораза ұстап, құран оқып бағыштап, Алладан күнәсі болса кешіруін өтінуің керек. Басына барып зиярат еткен де сауап болар еді. Мен осылай ойлаймын. Жылда ол күні құран оқып бағыштап, Алла Тағаладан жанын жаннатта етуін тілейтінмін, енді Махамбает Сәукеле, сізге рахмет, иншалла келесіден бастап ораза да ұстауды Аллам нәсіп етсін. Баршамыз ол күнді Алла Тағалаға ризашылық етіп, анаға қолдан келгенше ең жақсы сылық ұсынып, ананы қуантумен өткізейік. Әссәләмуаалейкум!
    10 жыл бұрын