Діни тұрғыда «рассрочкаға» тісімді емдетсем бола ма?
Діни тұрғыда «рассрочкаға» тісімді емдетсем бола ма?
1 жыл бұрын 1740

Ассаламуалейкум! Бөліп төлеу арқылы тісімді емдетсем бола ма?

Әлхамдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Исламда бөліп төлеу (рассрочка) адал сауда. Бірақ, өтемін кешіктіргені үшін пеня (өсімпұл) төлеу шарты қосылған болса, ондай «бөліп төлеу» түрі Исламға қайшы. Өйткені, Исламда «бөліп төлеу» саудасы өсімпұлсыз болуы ләзім (кепілзат қалдыра алады). Сондықтан да, қазіргі пеня төлеу шарты қосылған "бөліп төлеу" саудасына жүгінбеген абзал, тек зәру жағдайларда әрі зәру нәрселер үшін жүгінсе ғана кешірім бар деген үміттеміз. Алла пенделеріне жеңілдік қалайды, ауырлық қаламайды.

Ауырған тісті емдету де зәру жағдайлар қатарына жататындықтан, ақшасы жоқ мұсылман үшін «рассрочкаға» емдетсе күнәсі болмас, иншаАлла. Алайда одан бұрын мүмкіндік болса, біреуден қарыз сұрап көрген абзал. Егер қарыз алатын жер табылмаса, амал жоқ бөліп төлеуді қолданасыз. Кейбір бірлі-жарым дін мамандары «пеняға жеткізбей төлеп тұратындығына сенімді болса, мәжбүр кезде ондай рассрочка түріне жүгінуге болады» деген тұжырым білдірген. Аллаһу аъләм. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым