Ассаламуғалейкум, ұстаз! Баратын жеріміз 200 шақырым қашықтықта. Спорттық жарысқа 22 ақпан күні таңғы сағат 7:00-де шығамыз, кешке қайтамыз. Сәресі уақыты 5:45-те екен. Сол күні сәресін ішпей, ауыз бекітпей жүре беруге бола ма, ұстаз? Нұрлыбек.
|
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?
|
Ассаламуғалейкум, ұстаз! Баратын жеріміз 200 шақырым қашықтықта. Спорттық жарысқа 22 ақпан күні таңғы сағат 7:00-де шығамыз, кешке қайтамыз. Сәресі уақыты 5:45-те екен. Сол күні сәресін ішпей, ауыз бекітпей жүре беруге бола ма, ұстаз? Нұрлыбек.
Уағалейкумуссәләм!
Сіздердің жағдайда сәресіден кейінгі уақытта жолға шығатын болғандықтан, сол күнгі оразаға ниет етіп, ауыз бекітулеріңіз керек. Одан соң сол күні тұратын елді-мекендеріңізден толықтай шығып кеткеннен кейін «жолаушы ретінде» ауыздарыңызды аша аласыздар. Рамазаннан соң сол күннің қазасын өтейсіздер. Кәффарат өтеудің қажеті жоқ. Осылай амалдаса болады. Біздің мәзхабта сол күнгі оразасын жолда ашуы мәкруһ, десе де, өзге мәзхабтарда, мысалы, Ханбали мәзхабында күннің қай мезгілінде жолға шықса да, жолға шыққан адам «жолаушы үкіміне» кірген мезетте, аузын аша алады.
Алыс жолға аттанған мұсылман "жолаушы үкімін" қашан алады?
Тұратын елді-мекенінен толықтай шыққаннан кейін «жолаушы үкімін» алады.
Неге сол күнгі оразаға ниет етіп, міндетті түрде ауыз бекіту керек?
Себебі, оразаны шариғи себепсіз бекітпеу харам, ауыр күнә. Жарыс – ауыз бекітпеуге себеп емес. Шариғи себептерге: жолаушы болу, сырқаттық, хайыз-нифас жағдайы, аяғы ауыр болу, емізулі болу т.б. осы сияқты себептер жатады.
Сондықтан да, сұрақтағы жағдайда ауыз ашу керек болып тұрса, жолға шығатын күні әдеттегідей сәресіге тұрып ауыз бекіткендеріңіз жөн (өйткені жолға сәресі уақытынан кейін шығатын болып тұрсыздар), сосын қаладан толық шыққаннан кейін «жолаушы» ретінде ауыздарыңызды қайта ашасыздар. Бұлай істеу (жолда аузын ашу) біздің мәзхабта мәкруһ болғанымен, кәффарат өтемін керек етпейді.
Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!