"Мына жағдайда алпыс күн кәффарат оразасын өтеуім керек пе?"
"Мына жағдайда алпыс күн кәффарат оразасын өтеуім керек пе?"
10 ай бұрын 3690

Ерлі-зайыптылар таң намазы уақыты кіріп кеткенін білмей, қосылып қойса да кəффарат өтей ма?

Сәресінің уақыты шықпады екен деп қосылып қойса, артынан сәресінің уақыты шығып кеткендігі анықталса, сол күнді соңына дейін ұстауы тиіс. Рамазан айынан кейін бір күн қазасын өтейді. Қателіктен орын алып отырған жағдай болғандықтан кәффәрат қажет емес.

Осы тұрғыда мынадай жағдай да болып тұрады: ораза екендігін ұмытып кетіп, төсек қатынасына түсіп қоятын кездер де кездесуі мүмкін. Ондай кезде есіне түскен сәтте тыйылған болса, оразасы бұзылмайды, жалғастырып ұстап кете береді, қаза да, кәффарат та қажет емес. Ал ораза екені есіне түскен сәтте тыйылмай, сол күйінше жалғастырып ісін аяқтаса, кей ғалымдар сол күннің қазасын өтейді десе, кей ғалымдар кәффарат өтейді деген1

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!


1Дәмәд Ефенди Абдуррахман Шәйхи Задә: «Мәжмәъуль Әнһур».