Үш және төрт рәкәғаттық намаздардың алғашқы отырысында сәлем беріп қойса, не істейді? Қайта оқи ма?
Үш және төрт рәкәғаттық намаздардың алғашқы отырысында сәлем беріп қойса, не істейді? Қайта оқи ма?
7 жыл бұрын 5909

Ассаляму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! 

Үш ракағаттық намазында бірінші отырыста отырып қалып, сәлем беріп, қолды жайып дұға оқып болғаннан кейін есіне түссе. Сразу үшінші ракағатқа тұрып, соңында саху сәжде жасап намаздан шықсақ, намазы дұрыс бола ма? Мүслім.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Ханафи мәзхабы бойынша, ондай жағдайда сөйлеу, күлу, денесін құбыладан басқа жаққа бұру сияқты намазды бұзатын әрекеттер орын алмаған болса, отырған жерінен үшінші рәкәғатқа тұрып, жалғастырып оқып кете береді. Намаз соңында сәһу сәждесін жасайды. 

Ал, сол аралықта орнынан тұрып кетіп қалса (яғни, денесі құбыладан айныса) немесе күлсе, сөйлессе, яки бір нәрселер ішіп-жесе, намазды басынан оқу керек. Риуаятқа қарағанда, Әзіреті Омар жамағатқа имам болып тұрып, шатасып, төрт рәкәғат намаздың екінші рәкәғатында сәлем береді де  асығыс кетіп қалады. Артынан қателескендігінен хабардар болған Ол (р.а.), қайтып келіп намазды бастан төрт рәкәғат етіп оқыған екен1]. 

Осы орайда, «орнына тұрып кетіп қалса» деген сөз мешіттен тыс жерлерде оқыған адамға қатысты. Ал, мешіттегі кісі орнынан тұрып кетсе де, мешіттен шықпай жатып есіне түскен жағдайда жалғастырып оқуына болады, тек, сөйлемеген болуы керек. Мешіттен шығып кетсе, басынан оқиды[2].  


[1] Имам Тахауи: Маани әл-Әсәр.
[1]Бәдруддин Айни: Умдатуль Қари – 4/392 (524) бет. (Хадис Зуль ядәйни).

Абдусамат Қасым