Ғұсылдан кейін күмән туса, күмәнданған жерімді ғана жуа салсам бола ма? Әлде ғұсылды басынан алу керек пе?
Ғұсылдан кейін күмән туса, күмәнданған жерімді ғана жуа салсам бола ма? Әлде ғұсылды басынан алу керек пе?
7 жыл бұрын 9622

Әссәләмуғалейкум! Жұмыстағы намазхан бауырлардың сұрағы. Сұраушы айтады: Мен ғұсыл-дәрет алған соң, сүртініп біраз уақыт өткен соң күмәнданамын» - дейді, - бір жерлерімді жумадым ба? – деп. Есіме түспейді. Қайыра ғұсыл алуға мүмкіндік жоқ. Бұл күмән шайтаннан ба? Қалай болғаны? Және жуылмай қалған жерді жуа салса, ғұсылға жата ма? Адахан.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ғұсыл алып болғаннан кейінгі күмәнға мән берілмейді. Дегенмен, әлдебір жерге су тимей қалғандығы нақты білініп тұрса, сол жерді ғана жуа салса жеткілікті. Ғұсылды қайтадан алудың қажеті жоқ. Мысалы, әлдекім шомылып болғаннан соң қолдың шынтаққа дейінгі жеріне су тимегендігін аңғарды делік. Бұл кісі тек қолдың шынтаққа дейінгі жерін ғана жуа салса, ғұсылы толық боп саналады.   

Осы орайда, күмән ғұсыл алу барысында туындаса, күмәнданған жеріңізді жуасыз. Бұл - сирек келетін күмәнға қатысты. Ал, жиі келетін күмәнға мән берілмейді. Жиі күмән - шайтаннан. Күмән соңына түскен мұсылман ақырында жуылғандығы нақты білініп тұрса да ол жерді қайта-қайта жуатын күйге келуі мүмкін. Мұндайда «әғузуді» айтып, шайтанның азғыруынан Аллаға сыйынған жақсы.

Абдусамат Қасым