Әссәләмуғалейкум! «Талақ» деген сөзді ойша айтса, ол талақ болып саналады ма? Ауызбен айтпадым.
|
Ойша талақ айту талаққа жата ма?
|
Уағалейкум әссәләм! Сахаба Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үмметім көкейінде туындаған нәрселерін іс жүзіне асырмаса немесе ауызбен айтпаса, іштегіні Алла кешіреді». Осы хадистің жалғасында табиғин Қатада (р.а.): «Іштей айтқан талағы - талақ емес», - деген. (Сахих Бухари, №4968 хадис.). Аталмыш дәлелдерге қарағанда, "талақ" сөзін тілімен емес, ойша айту - талақ болып есептелмейді. Аллаһу аъләм!
Өзекті сұрақтар
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
«Ұрттап қойған едім, ораза ұстай алам ба?»
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?
■
Әйел адамның күйеуінің рұқсатынсыз оқыған «нәпіл намазы» қабыл болмай ма?
■
Тарауих намазы қалай оқылады?