Риядан құтылудың жолы қандай?
Риядан құтылудың жолы қандай?
7 жыл бұрын 8824

Риядан кұтылу жолдарын айтсаңыз! Мейрамбай.

Құрметті Мейрамбай, сахаба Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) жеткен бір хадисте, ол былай дейді: «Күндердің бірінде бізге Пайғамбарымыз құтпа оқыды (уағыз айтты). Құтпасында: «Ей, адамдар! Мына ширктен сақтаныңдар (яғни, риядан; рия – кіші ширк). Шынында ол – құмырсқаның жорғалаған жүрісінен де жасырын», - деді. Сонда бір кісі тұрып: «Уә, Расулаллаһ! Егер, ол құмырсқаның жорғалаған жүрісінен де жасырын болса, қалайша біз одан сақтанамыз? - деп сұрайды. Пайғамбарымыз оған: «(Ол үшін) Былай деп айтыңдар: «Аллаһуммә, иннә нәғузу бикә ән нүшрикә бикә шәй’ән наъләмуһ. Уә нәстағфирукә лимә лә наъләм», - дейді»[1].

Дұғаның арабша нұсқасы: «اللَّهُمَّ إِنَّا نَعُوذُ بِكَ أَنْ نُشْرِكَ بِكَ شَيْئًا نَعْلَمُهُ وَنَسْتَغْفِرُكَ لِمَا لَا نَعْلَمُ»

Мағынасы: «Уә Құдайым, біле тұра әлдебір нәрсені саған серік қосудан өзің сақта. Білмеген нәрсеміз үшін де кешірім ет!». 

Рия жайында қосымша мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз: http://dev.islam.kz/kk/questions/aqida-senim/riya-degenimiz-ne-dunielik-isterde-de-riya-bola-ma-340/#gsc.tab=0

[1] Ибн Әби Шәйбә: әл-Мусаннаф – (61) 4252; Ахмад ибн Ханбәл - №19109. 

Абдусамат Қасым