Василий Жиров ислам дінін қабылдағанына қарсы шыққандарға жауап берді
Василий Жиров ислам дінін қабылдағанына қарсы шыққандарға жауап берді
7 жыл бұрын 6967

Осыдан бір ай бұрын ислам дінін қабылдаған әйгілі қазақстандық боксшы Василий Жиров өзінің Астана мешітінде түскен суретіне қатты таңданыс білдіргендерге жауап қайтарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал спортшы барша адамдарды тек жақсы нәрсе айтуға болмаса мүлде үндемей жүруге шақырды.

Василий Жировтың Астанадағы мешіттердің біріне барып, намаз оқығаны қазақстандықтар арасында талқыға түскені боксшыны қайран қалдырған.

"Соңғы кездері менің ислам дінін қабылдауыма орай көптеген сұрақтар келіп жатыр. Мен таңғаламын, неге адамдарды бөтен біреудің жеке өмірі мен ішкі дүниесі қызықтырады? Мен боксшы, жаттықтырушы және қоғам қайраткерімін. Қоғам үшін де керегі осы.

Бірақ, басқалар секілді менің де жеке, өзіме ғана тиесілі дүниелерім бар. Мысалы, отбасым, балаларым, діни сенімім. Бұлардың барлығы көпшілікке мәлім болғанын қаламаймын. Мен өзімнің ішкі дүнием мен жеке өмірімді басқалардың талқылауына қарсымын", – дейді Жиров.

0 пікір
Мұрағат