Универсиад: 31 қаңтар күнгі жарыс кестесі
|
31 қаңтар күні қазақстандық спортшылар Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының медальдары үшін күресті жалғастыратын болады.
Назарларыңызға жарыс кестесін ұсынамыз.
Спорт түрі: Керлинг (ерлер және әйелдер). Топтық кезең.
Қазақстан-Швеция (ерлер), Қазақстан-Қытай (әйелдер), Қазақстан-Чехия (ерлер)
Басталуы - бірінші кездесу 09.00; екіншісі - 14.00; үшіншісі - 19.00
Өтетін орны - «Алматы-Арена»
Билет құны - 500 теңге
Спорт түрі: Сноуборд. Параллельді слалом (ерлер, әйелдер).
Басталуы - 09.00 (параллельді слалом, квалификация); 14.00 (параллельді слалом, финал, медальдар ойнатылады)
Билет құны - 1500 теңге.
Өтетін орны - «Шымбұлақ» тау-шаңғысы шипажайы.
Спорт түрі: Тау-шаңғысы спорты. Әйелдер. Комбинация (Супергигант, слалом).
Басталуы - 10.00 (комбинация, супергигант, медальдар сарапқа салынады); 13.30 (комбинация, супер-слалом, медальдар ойнатылады)
Билет құны - 1500 теңге
Өтетін орны - «Шымбұлақ» тау-шаңғысы шипажайы («Хабар» арнасынан көрсетіледі)
Спорт түрі: Шаңғы спорты. Өкшелеп қуу жарысы, 5 шақырым (әйелдер), 10 шақырым (ерлер).
Басталуы - 10.30 (әйелдер, медальдар сарапқа салынады); 13.00 (ерлер, медальдар сарапқа салынады)
Билет құны - 700-1000 теңге
Өтетін орны - «Алатау» шаңғы-биатлон кешені
Спорт түрі: Конькимен жүгіру спорты. 1500 метр (әйелдер), 5000 метр (ердер).
Басталуы - 11.00 (әйелдер, медальдар ойнатылады); 13.00 (ерлер, медальдар ойнатылады)
Билет құны - 1000-2000 теңге
Өтетін орны - «Медеу» мұз айдыны
Спорт түрі: Шаңғы қоссайысы. Ерлер.
Басталуы - 11.00 (трамплиннен секіру); 15.30 (шаңғы жарысы)
Билет құны - 500 теңге
Өтетін орны - «Алатау» шаңғы-биатлон кешені
Спорт түрі: Биатлон. Жеке жарыс (әйелдер 15 шақырым, ерлер 20 шақырым).
Басталуы - 11.15 (әйелдер), 14.15 (ерлер). («Хабар» арнасынан көрсетіледі)
Билет құны - 700 -1000 теңге
Өтетін орны - «Алатау» шаңғы-биатлон кешені
Спорт түрі: Фристайл. Акробатика. Аралас командалар.
Қазақстан 1, Қазақстан 2
Басталуы - 11.30 («Қазақстан» арнасынан көрсетіледі)
Билет құны - 700 теңге
Өтетін орны - «Табаған» спорт,ойын-сауық кешені
Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең.
(Жапония-Корея)
Басталуы - 12.30
Билет құны - 500-700 теңге
Өтетін орны - «Халық-Арена»
Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең.
(Словакия - АҚШ )
Басталуы - 16.00 («Хабар»)
Билет құны - 500-700 теңге
Өтетін орны - «Халық-Арена»
Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең.
(Қазақстан - Швеция)
Басталуы - 19.30 («Хабар»)
Билет құны - 500-700 теңге
Өтетін орны - «Халық-Арена»
Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең.
(Жапония - АҚШ)
Басталуы - 20.00
Билет құны - 300 - 500 теңге
Өтетін орны - Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы
Еске салайық, 30 қаңтар күні Қазақстан құрамасының қоржыны бір күнде бірден үш медальмен (бір күміс, екі қола) толығып, жалпы есепте бесінші орыннан көрінді.