Роналданың жас көріну құпиясы белгілі болды
Роналданың жас көріну құпиясы белгілі болды
6 жыл бұрын 6788 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мадридтік "Реал" футбол клубының дәрігері Хуан Карлос Эрнандес әрі "Манчестер Юнайтед" футбол клубының дәрігері Мик Клегг португалдық аяқ доп "перісінің" жетістікке жетуінің және ас көрінуінің құпиясын ашты. Бұл жайында Calciomercato ақпарат көзі хабар таратты. "Роналданың жетістікке жетуіне үш нәрсе әсер етті: дұрыс жаттығу, дұрыс тамақтану әне дұрыс демалу",- десе Хуан Карлос Эрнандес, оның әріптесі Мик Клегга: "Ол өз ісіне берілген" деп толықтырды. Сөз реті келгенде айта кету керек, 2018 жылдың шілде айында Роналдо туриндік "Ювентуста" бастан-аяқ медициналық тексеруден өткен еді. Дәрігерлер оның сол кездегі денсаулығына қайран қалғандарын жасырмады: 20 жастағы жас жігіттің денсаулығымен бірдей. Роналдоның ағзасындасы май құрамы бар-жоғы 7 пайыздан аспаған, әдетте бұл көрсеткіш оның жасындағылар үшін орта есеппен алғанда 10-11 пайыздан кем болмайды. Роналдо шілде айында "Реалдан" "Ювентусқа" ауысқанын естеріңізге сала кетеміз. Ол төрт мәрте "Алтын доп" мәртебелі жүлдеге қол жеткізген спортшы.

0 пікір
Мұрағат