Қазақстан Пхенчхандағы (Оңтүстік Корея) Қысқы олимпиада ойындарында алтын алған спортшыға және оның бапкеріне 250 мың доллардан береді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлімдеген.
|
Қазақстанның Қысқы олимпиада жеңімпаздарына қанша сыйақы беретіні белгілі болды
|
"Оның айтуынша, күміс алған спортшыға 150 мың доллар, ал қола алған спортшыға 75 мың доллар беріледі. Ол Қазақстан құрамасы Пхенчхандағы ойындарда Сочи олимпиадасында көрсеткен нәтижені, қолдан келсе одан асып түсуді мақсат етіп отыр" - деп жазады Азаттық.
Қазақстан құрамасы бұл олимпиаға әзірге 49 лицензия ұтып алған. Қазақстан спортшылары олимпиадаға фристайл, шаңғымен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, коньки, трамплиннен секіру және шана спортынан қатысады.
Пхенчхан қаласындағы Қысқы олимпиада 9-25 ақпанда өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді