Палуан әйелдердің шариғатқа сай киім үлгісі бекітілді
Палуан әйелдердің шариғатқа сай киім үлгісі бекітілді
6 жыл бұрын 4476 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Азияның самбо одағы мұсылман палуан әйелдер үшін шариғатқа сай спорт киім үлгісін қабылдады. Дәлірегі, мұсылман палуан әйелдерге арналған спорттық киім үлгісін Моңғолиядағы Азия самбо одағының конгресінде бірауыздан бекітілді. Палуан мұсылмандарға арналған аталған киім үлгісінде шариғат талаптары ескерілген: арнайы легинс, футболка және капюшон. "Бізде бұл мәселе баяғыда пісіп-жетілген еді. Біз бұл мәселені көптеген халықаралық ұйымдармен, соның ішінде, Азияның Олимпиялық кеңесімен және Халықаралық самбо федерациясымен ақылдаса отырып талқыладық",- деді Азия самбо одағының президенті Аламжон Муллаев. Бұрын мұсылман палуан әйелдер жарыс алаңына бірыңғай бекітілген киім үлгісі болмағандықтан шыға алмайтын еді. Ендігі жерде әйелдер арасында күресті дамытудың тағы бір мүмкіндігі туды.

0 пікір
Мұрағат