Майк Тайсон қалай мұсылман болды?
Майк Тайсон қалай мұсылман болды?
7 жыл бұрын 6806 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсонның ең алдымен қалай мұсылман болғанын айтпас бұрын оның балалық шағына сәл шегініс жасайық. Білегі жуан, жұдырығы гүрзі, шойын қара Майк балалық шағында зорлық көрген. Айтуға ауыз бармайтын жағдай орын алған еді. Бөгде ер адам оны тасаға тартып, ойына келгенін жасамақ болған. Бұған қоса, нәсілдік кемсітушілік, жабайы инстинк үстемдік құрған өскен ортасы, зорлық-зомбылық, есірткі, көше лаңы, былайша айтқанда, "жунгли заңы" Майкты ерте есейтіп, боксқа алып келді десек болады. Десе де ол бұл жағдайдың бокспен шұғылдануына итермелегенімен өзін қайсар азаматқа айналдырмағанын тілге тиек етті. "Мен бұл туралы осы уақытқа дейін ешкімге тіс жарып, жақ ашып айтқан емеспін. Болған жайт мені қайсар еткен жоқ. Менің өміріне бәлендей ықпалын да тигізген емес",- деді ол ағынан ақтарылып ESPN телеарнасына берген сұхбатында. Көзі тірісінде аңызға айналған тұлға рингте 50 рет (оның 4-де қарсыласын нокаутқа жіберген) жеңіске жетіп, тек алты рет жеңілістің дәмін татыпты. Елудә еңсеріп қалған жігіт ағасы талай мәрте жанжал тудырған жайттарды да бастан кешірді, үш рер сотталған да. Десе де осы жасына дейін басын тауға да, тасқа да соққан ол өзінің исламға келуіне нақты бір адамның себепкер болмағанын, тек кейінгі қоршаған ортасы осындай болғандықтан исламды танып-білу мүмкіндігіне ие болғанын жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат