Катарда өтетін әлем чемпионатының қауіптілігі айтылды
Катарда өтетін әлем чемпионатының қауіптілігі айтылды
2 жыл бұрын 1470 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Hamad I Mohammed / Reuters

Климаты қатал араб жерінде 2022 жылдың қараша-желтоқсан айларында футболдан өтетін әлем чемпионаты кезінде стандиондардың тұшшы суға орасан зор қажеттілігі қоршаған ортаға орны толуы қиын залал келтіруі мүмкін. Күллі әлем көз тігетін Катардағы дүбірлі доданың ең басты қаупі. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әрбір стадионды дайындау үшін күніне кемінде 10 000 литр су қажет болады. Барлығы сегіз стадиондағы 144 алаң мен 130-дан астам жаттығу алаңы жарысқа дайындалады. Дегенмен, Катар тұщы тапшылығы жоғары аймақта орналасқан – бұл проблеманы еңсеру үшін теңіз суын тұшшыландыруы тиіс. Парсы шығанағы аймағындағы тұщыландыру ісі тым жоғары экологиялық шығынды талап етеді, өйткені, ол қазбалы отынды қажет етеді, ал теңіз ортасы химиялық ластанудан, соның ішінде хлор мен ауыр металдардан зардап шегеді. Осыған байланысты тиісті ұйымдар чемпионаттың қоршаған ортаға зиян келтірмейтініне күмән келтіріп отыр. Көп ұзамай Таяу Шығыста өтетін осынау әлем чемпионатын ұйымдастырушыларды экологтар мен халықаралық ұйымдар көміртектен ада өтеді (қоршаған ортаға залалы болмайды) деп сендіргеніне қарамастан қзірдің өзінде сынға алып жатыр. Өйткені, құрлысының аяқталғанынан көп уақыт өте қоймаған жаңа стадиондардың қоршаған ортаға тигізер зияны мен залалы жете бағаланбаған.

0 пікір
Мұрағат