Хижаб киген мұз айдынының ханшайымы (видео)
Хижаб киген мұз айдынының ханшайымы (видео)
6 жыл бұрын 3769 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

24 жастағы Біріккен Араб Әмірліктерінің тумасы Заһра Ларының есімі бүгіндері алыс-жақын жұртқа таныс. Ол шариғат шәлісін жамылған тұңғыш кәсіби мәнерлеп сырғанаушы екенін біреу білсе, біреу білмес. Заһра Лары үшін халықаралық коньки тебушілер одағы (ISU) ережесін өзгерткенін көбісі біле бермейді. Яғни, шариғат шәлісін жамылып мұз айдынына шығуға рұқсат берген болатын. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары оны "хижаптағы мұз айдынының ханшайымы" атап кетті. Ол БАӘ және АҚШ азаматтарының отбасында дүниеге келген. Әке-шешесі АҚШ-та білім алып жүрген кезде танысқан. Кейін үйленген соң БАӘ-ге келіп тұрады. Заһра мәнерлеп сырғанауға 12 жасынан бастап келеді. "Мұз айыдынының ханшайымы" (Ice Princess) атты мультфильмның әсерімен. Бастапқыда ата-анасы қыздарының мәнерлеп сырғанауға ден қойғанына аса мән бермейді. Кейін өздері де мәнерлеп сырғанауға ден қойып, тіпті, БАӘ-де өздерінің жекеменшік клубын ашады. Мәнерлеп сырғанаудан. Заһра халықаралық жарысқа алғаш рет 16 жасында қатысады. Италияда 2011 жылы өткен Еуропа кубогы үшін өткен жарыста. Сол кезден бастап ISU хижабпен мұз айдынына шығуға салған тыйымның күшін жояды. 2017 жылы Заһра әлемге әйгілі бренд Nike компаниясына спортқа арналған хижабтарды шығаруға ой салады. 

 

0 пікір
Мұрағат