Футбол ежелгі түркілер ойыны. Бұдан былай футболдан әлем чемпионатына қанша команда қатысады?
Футбол ежелгі түркілер ойыны. Бұдан былай футболдан әлем чемпионатына қанша команда қатысады?
8 жыл бұрын 5177 Baq.kz egemen.kz Нұргүл Әубәкірова

Бұл туралы түрік-оғыз тайпаларының шежіресі – «Қорқыт ата" кітабында баяндалған. 

Кейбір зерттеушілердің еңбегіне сүйенсек, ерте орта ғасырда өмір сүрген көптеген түрік тарихшылары өз шығармаларында доппен ойналатын ұжымдық ойын туралы сан мәрте жазған. Олар оны «тепик» немесе «тепюк», яғни, аяқпен тебу деп атаған.
Атап айтсақ, бұл жайында ұлы түрік тарихшысы, түркітанудың негізін қалаған Махмұд Қашғари «Divânu Lügati`t-Türk» («Түрік тілінің сөздігі») атты құнды еңбегінде жазған. «Тепик» ойынының ережесі қазіргі футболдың қағидаларынан аса қатты ерекшелене қоймаған.Тарихшының суреттеуінше, ойыншыларға допты қолмен ұстауға тыйым салынған. Ережені бұзғандарға ескерту жасалған және ойыншылар допты ойын алаңынан шығармауға тырысқан.
«Тарих-и-Тимур» еңбегінде түркілер тепик ойынын Әмір Темір кезінде де ойнағаны туралы баяндалған. Ол замандарда доп қозының терісінен жасалып, іші ауаға толтырылған екен.
Сондай-ақ, Орта Азия түріктерінде де қос команда арасында ойналатын ерекше ойын болғаны белгілі. Команданың құрамына ерлермен қоса әйелдер де кірген. Олар допты аяқпен және баспен ұрып, қарсыласының қақпасына кіргізуге ұмтылған.
Мұнан бөлек, ежелгі түркілер қазіргі поло ойынын да ойнаған. Оны "шөген" деп атаған. Сонымен қатар, көкпар да ежелгі көшпенділерден бүгінге жеткен ойын. Шахмат, тқоғызқұмалақ, хан дойбысы, коньки (мәнерлеп сырғанау), т.б. қатарлы бүгінгі заманға үзілмей жалғасып келе жатқан түркілік ойындар олимпиадалық ойындар қатарына кірген.

Футболдан әлем чемпионатына 48 команда қатысады

ФИФА (Халықаралық футбол қауымдастығы) кеңесі әлем чемпионатына қатысатын командалар санын 32-ден 48-ге арттыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы аталған қауымдастық туиттер парақшасында хабарлады.

Жаңа формат 2026 жылдан бастап жүзеге асырылады. Топтық кезеңде 48 құрама 16 топқа бөлінеді. Үздік шыққан екі ұжым плей-оффқа жолдама алады. Бұл істің мән-жайы кейінірек белгілі болады.

2026 жылғы әлем чемпионатының өтетін орны 10 мамыр күні Малайзияның Куала-Лумпур қаласында ФИФА конгресінде белгілі болады. Бұл турнирді Үндістан, Қытай, Эквадор, Боливия, Перу және Парагвай елдері өткізуге ниет білдіріп отыр.

Айта кетейік, ФИФА соңғы рет қатысушылар санын 1998 жылы 24-тен 34 командаға арттырған.

0 пікір
Мұрағат