Бразилия 2016 жылғы Олимпиада ойындарын тамашалағысы келген шетелдіктер үшін визасыз режім енгізеді
Бразилия 2016 жылғы Олимпиада ойындарын тамашалағысы келген шетелдіктер үшін визасыз режім енгізеді
8 жыл бұрын 3032 ҚазАқпарат, 24.kz

Бразилия билігі 2016 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына келуші шетелдік азаматтар үшін визасыз режім енгізді. Ел президенті Дилма Руссефф қол қойған тиісті бұйрық сәрсенбі күні мемлекеттік БАҚ-та жария етілді, деп хабарлады «ТАСС» агенттігі. 

Қазан айының соңында Бразилия парламентінің жоғарғы палатасы - Федералдық Сенат заң жобасын мақұлдаған болатын, оған президент Руссефф қол қойды.

Бразилияға визасыз кіру құқығын елге 2016 жылдың қыркүйегінен бастап, кіретін азаматтар 90 күндік мерзімге пайдалана алады.

2014 жылы футболдан әлем чемпионаты кезінде осыған ұқсас бастама енгізілген болатын, бірақ сонда оның қызметі матчтардың ең болмағанда біріне билеті болған туристерге қатысты таралды.

Жазғы Олимпиада 2016 жылдың 5-21 тамыз аралығында өтеді. Бұл Оңтүстік Америкада өтетін бірінші Олимпиада ойындары болмақ. Паралимпиада 7-18 қыркүйек аралығында өтпек.

 

2016 жылғы Олимпиаданың ресми тілі француз тілі болады

Француз тілі Рио-де-Жанейрода 2016 жылы өткізілетін Олимпиада ойындарында ресми қарым-қатынас құралы болады. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) хабарлайды, деп жазды epochtimes.ru. 
Ойындардың ресми елшісі камерундық саксофоншы Дибанго болады. Ол жас шағында Францияда өмір сүріп, оқыған екен. Дибангоның айтуынша, терроризмге байланысты Олимпиада кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту керек. Олимпиада қарсаңында Бразилия мен Франция барлауға қатысты ақпарат алмасып, терроризммен күрестен тәжірибе бөліседі.
Естеріңізге сала кетейік, Үміткер қалалардың ұсынысын қабылдау рәсімі 2007 жылдың 16 мамырында басталып, сол жылдың 13 қыркүйегінде аяқталды. Ойындарды өткізуге өз ниеттерін келесі қалалар білдірді: Баку (Әзірбайжан), Доха (Катар), Мадрид (Испания), Прага (Чехия), Рио-де-Жанейро (Бразилия), Токио (Жапония), Чикаго (АҚШ) және Мәскеу (Ресей). Ресей 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына ие болған соң, додаға қатысудан бас тартты[1]. 2008 жылдың 4 маусымында үміткер-қалалардың ішінен 4 финалист қала таңдалды: Мадрид, Рио-де-Жанейро, Токио және Чикаго.
Қаланы таңдау бойынша ақырғы дауыс беру рәсімі 2009 жылдың 2 қазанында Данияның Копенгаген қаласында өткен халықаралық Олимпиада комитетінің 121-ші сессиясында жүргізілді. Дауыс беру рәсімінде түгел 3 айналым өткізіліп, нәтижесінде Рио-де-Жанейро 2016 жылдың жазғы Олимпиада ойыдарының астанасы ретінде таңдалды.

0 пікір
Мұрағат