Әлем чемпионаты өтетін араб елі шетелдіктер үшін барлық шектеуды алатын болды
Әлем чемпионаты өтетін араб елі шетелдіктер үшін барлық шектеуды алатын болды
2 жыл бұрын 2623 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: m.sports.uz

Катар билігі күллі әлем көз тігетін дүбірлі дода қарсаңында туристердің елге кіру процедурасын барынша жеңілдету туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ресей Федерациясының туристік операторларының қауымдастығына жөн сілтеген islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сапар алдында қонақтарға ПТР немесе антиген сынамаларын жасатудың қажеті жоқ екені атап өтілді. Сондай-ақ, туристер бұдан былай келгенге дейін Ehteraz Health қолданбасында тіркелуді талап етпейді. Бұрын ол қоғамдық орындарға бару керек кезде қажет болса, енді тек медициналық мекемелерге кіру үшін ғана керек. Аталған өзгерістер қараша айының 20-ы мен желтоқсанның 18-і аралығында өтуі тиіс футболдан әлем чемпионатының басталуына аз уақыт қалғанда, дәлірегі, қарашаның 1-нен бастап күшіне енеді. Бұл ретте қарашаның 1-і мен  желтоқсанның 23-і аралығында аталған араб еліне тек Hаyya card-сымен бара аласыз. Бұл карта жанкүйер идентификаторының аналогы. Оны чемпионат матчтарына билет сатып алғандар ғана рәсімдей алады. Бұл турнир барысында Катар басқа қонақтар үшін жабық болады деген сөз. Желтоқсаннан 23-нен кейін ел қайтадан туристерді қабылдай бастайды

0 пікір
Мұрағат