Әйелдер футбол клубы ислам мен спортты қатар алып жүреді (фото)
Әйелдер футбол клубы ислам мен спортты қатар алып жүреді (фото)
2 жыл бұрын 2420 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Лондондағы Sisterhood әйелдер футбол клубы футболды жақсы көретін хиджаб киген қыздарды біріктіріп, барлығына спортпен қалағанынша шұғылдануына мүмкіндік береді, деп жазады Guardian басылымы үшін Ханна МакКэй есімді әйел. Бұл жайында islam.kz порталы islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Sisterhood футбол клубын 2018 жылы Жасмин Абдуллахи есімді сомали-британдық әйел құрған. Лондон университетінің Голдсмит колледжінде оқып жүрген бойжеткен осылайша шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйелдерден топ жасақтады. Осы топтың мүшесі Камара Дэвис есімді мұсылман әйелі исламды 17 жасында қабылдағанын әрі шариғат шәлісін таққандықтан спортпен шұғылданудан күдер үзгенін, яғни, хижаб пен спорт бір-біріне сәйке келмеуі мүмкін деген ойдың жетегінде жүргенде осындай мүмкіндік туғанын алға тартты. Камара Дэвистің бұл ойын қоғаммен байланыс агенттігінің әлеуметтік медиа менеджері болып жұмыс істейтін Сара Телегани де қолдайды. Ол Ирландияда мектепте оқып жүргенде діни сеніміне байланысты спортқа көңіл бөлуден қалатын шығармын деген күмәнға берілгенін жасырмады. Өйткені, дене шынықтыру оқытушысы осы сабақта шортымен жүруді талап еткенін тілге тиек етті. Sisterhood футбол клубы олардың бұл күмәнін шайып, үлкен мүмкіндік сыйлады. Аталмыш футбол клубы әйелге тән міндеттерінен бір сәт тынығуға мүмкіндік береді. Мұсылман қыз-келіншектердің бұл футбол клубы 2018 жылы құрылғаннан бері оның мүшелері екі есеге жуық өсті, оның ішінде 100-ге жуық әйел футболшы бар. Sisterhood апта сайынғы жаттығуларды өткізеді және оның бірінші командасы 5 және 7 ойыншыдан тұратын әйелдер супер лигасында жарысады. Осы клубтың негізін қалаған Жасмин спорттағы табысты ең басты жетістік деп қарастармайды, мұнда мұсылман әйелдердің ұйымшылдығы мен бірлігі маңызды деп санайды. «Ssterhood атауы («қарындас» деп аударуға болады) кездейсоқ пайда болған жоқ, өйткені, біз шынымен шағын қауымдастық құрдық», - дейді ол мақтанышпен.

0 пікір
Мұрағат