10 тармақтан тұратын «мұсылман кодексі» мақұлданды
10 тармақтан тұратын «мұсылман кодексі» мақұлданды
3 жыл бұрын 2131 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ағылшындардың футбол премьер-лигасы елдегі спортшы мұсылмандардың құқығы мен міндеттерін реттейтін «мұсылман кодексіне» қолдау білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы BBC Sports ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жобаны коммерциялық емес ұйымдардың бірінің негізін қалаған Ибадұр Рахман әзірлеген еді. Мұндай құжаттың пайда болуына матч немесе жаттығу кезінде мұсылман спортшылардың түрлі қиындықтармен бетпе-бет келетін өмір сүру тәртібі себеп болған. Естеріңізде болса, таяуда күллі әлемді елең еткізген Поль Погба есімді спортшының басынан өткен жағдай, дәлірегі, баспасөз жиыны кезінде алдындағы Heineken маркасы жапсырылған сыра шөлмегін алып тастаған әрекеті түрткі болып отыр. Аталмыш кодекс 10 тармақтан тұрады, атап айтқанда, жасыл алаңдағы жеңісін ішімдіксіз атап өту, намаз оқу орнын ашу, халал тағам тұтыну, қасиетті Рамазан айында ораза ұстауына жағдай жасау, т.б. Ағылшындардың бес премьер-лига клубы мен EFL (ағылшын футбол клубы) 15 клубы қатарындағы мұсылман спортшылардың діни сеніміне құрметпен қарауға бастайтын «Мұсылман кодексіне» қолдау білдірді.

0 пікір
Мұрағат