Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгерді. Батыс Қазақстанда Бәйтерек ауданы пайда болды
Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгерді.  Батыс Қазақстанда Бәйтерек ауданы пайда болды
6 жыл бұрын 4586

ШҚО-да Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Зырян қаласы  Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Қаулыда.

Батыс Қазақстанда Бәйтерек ауданы пайда болды

Батыс Қазақстанда Бәйтерек ауданы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қаулыда Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталуы жайлы айтылған. 

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

0 пікір
Мұрағат