Zaman Bank ислам стандарттарына сәйкестігін растады
Zaman Bank ислам стандарттарына сәйкестігін растады
28 күн бұрын 624 naryk.kz

Zaman Bank өнімдері мен қызметтерінің исламдық қаржы қағидаттарына сәйкестігін анықтауға бағытталған жыл сайынғы тексеріс аяқталды. Исламдық қаржы қағидаттары жөніндегі кеңес (ИҚҚК) келісімшарттарды, пайда үлесін бөлу тетіктерін, инвестициялық қызметті және клиенттермен жұмыс істеу процестерін жан-жақты талдаудан өткізді.

Аудит қорытындысы бойынша Zaman Bank операциялары AAOIFI халықаралық стандарттарына сәйкес келетіні расталды. Сарапшылар банктің жоғары деңгейдегі ашықтығын, бақылауды және клиентке ортақ құндылықтармен бөлісетін серіктес ретінде жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті.

«Біз үшін шариғаттық аудит — жай ғана формальдылық емес, банк пен қоғам арасындағы сенімді растайтын маңызды процесс. Zaman Bank-тің әрбір операциясы мен әр өнімі шариғат талаптары мен AAOIFI стандарттарына сай болуына жіті мән береміз. Бұл тек исламдық банкті дамытуға ғана емес, әділ әрі жауапты қаржылық қарым-қатынастың мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді Zaman Bank Исламдық қаржы қағидаттары жөніндегі кеңесінің төрағасы Мақсатбек Қайырғалиев.

Zaman Bank-тің кең ауқымды өнімдері — жеке және бизнеске арналған исламдық қаржыландыру, «Вакала Zaman» инвестициялық депозиті және реферальдық бағдарлама — ИҚҚК сертификатына ие.

0 пікір
Мұрағат